home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Бұқар жырау ауданы әкімінің «жұлдыз» жастар сыйлығы

Бұқар жырау ауданы әкімінің
«жұлдыз» жастар сыйлығы
                                                                        
1. Аудандық «Жұлдыз» жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында тапсырылады.
2. Сыйлық жастар арасында жемісті шығармашылық, қоғамдық және кәсіби қызметі үшін танылған ауданның 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарына келесі номинациялар бойынша тағайындалады:

«Ауылдық жас маман»;
«Жылдың жас спортшысы».          

3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерін Бұқар жырау ауданы әкімінің «Жұлдыз» аудандық жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия белгілейді (бұдан әрі – комиссия).
Өткен жылдардың лауреаттарын қайта ұсынуға болмайды; «Жұлдыз» сыйлығына кандидат бір номинациядан ғана үміткер бола алады.
4. Сайыстық құжаттарды қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдерді қабылдау тәртібін комиссия жүзеге асырады.
5. Сыйлық алуға ізденуші кандидаттарды ауданның ұйымдары, мекемелері және қоғамдық бірлестіктері ұсынады.
6. Сайысқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) түйіндеме;
2) ұсыныс-мінездеме;
3) 2 фотосурет (көлемі 4 х 6);
4) марапаттарын растайтын құжаттар (мадақтама, диплом, сертификат көшірмесі, CD, DVD форматындағы бейне-фото материалдар).
7. Сыйлық алған тұлғаға «Бұқар жырау ауданы әкімінің «Жұлдыз» жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом және ақшалай сыйлық табыс етіледі.
8. Сыйлықтар салтанатты жағдайда тапсырылады, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орайластырылады.
9. Комиссия өзіне жүктелген міндеттер бойынша:
1) сыйлық алуға ізденуші кандидаттардың сайыстық құжаттарын қабылдайды;
2) кандидатураларды іріктейді;
3) сыйлық беру туралы шешім қабылдайды;
4) лауреаттардың дипломдарын ресімдейді.
10. Сыйлық алуға ізденушінің кандидатуралары комиссия шешіміне сәйкес көп дауыс жинаған үміткерге беріледі.
11. Сыйлық беру туралы шешім Бұқар жырау ауданының әкімі бекіткеннен кейін күшіне енеді. Бұқар жырау ауданы әкімінің сыйлығын беру туралы өкімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күніне орай баспасөзде жарияланады.

Құжаттар комиссияға 2010 жылдың 30 қарашасына дейін Ботақара кенті, Абылай хан, көшесі, 41 «А», жастармен жұмыс жасау Орталығана жолданады, тел.: 8(72154)22287, 22130. 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»