100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының басшылығы

А. Ж. Т.  Кобжанов Нұркен Сайфиддинұлы
Өмірбаяны: 1967 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қаласында туған. Мектеп бітірген соң 1985 жылы Қарағанды облысының Токаревка кентінің Тельман аудандық емханасының жүргізушісі болған. 1986 жылы Совет Армиясының қатарына шақырылып, 1988 жыл аралығында СРКО МҚК шекара бекетінде әскери борышын өтеген.  Әскери қатардан қайтқан соң, Алматы зооветеринарлық институтының зооинженер факультетіне оқуға түскен. Институттың екінші курсын аяқтаған соң, Қарағанды политехникалық институтының автокөлік факультетінің сырттай бөліміне ауысқан. 1995 жылы Қарағанды облысы Молодежный ауданының «Звезда» совхозына бас инженер ретінде жұмысқа шақырылған. 1999 жылы акционерлер жиынында  Қарағанды облысы Осакаров ауданының «Жұлдыз» АҚ-ның президентіне сайланған. 2002 жылы «Жұлдыз» АҚ-нан өз еркімен жұмыстан шығып, бидай өнімдерін өсіру бойынша жеке шаруа қожалығын құрған. 1998-2000 жылдар аралығында Қарағанды қаласының «Ақ-ниет» заң колледжін құқықтану мамандығы бойынша сырттай бөлімде бітірген. 2003-2006 жылдары Д.А. Қонаев атындағы универститетте юриспруденция мамандығы бойынша оқып, маман- заңгер біліктілігін алған. 2003 жылы Осакаров аудандық мәслихатының № 6 сайлау округі бойынша депутат болып сайланған. Бұқар жырау ауданы әкімі лауазымын атқару алдында Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасаған.

 

Лауазымы:      Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары
А. Ж. Т.            Елубаев Талғат Ахметұлы
Өмірбаяны:  1962 жылы туған.  Білімі жоғары, 1984 жылы  Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-механик.  Еңбек жолын 1984 жылы бастады. 1984 жылдан 1997 жылға дейін  Комсомол кеңшарында автомеханик,  бас инженер болып қызмет атқарды. 1997 жылдан  1999 жылға дейін  Ульянов ауданы Петровка селосы  «Қайрат» ЖШС механизация  және электрификация цехының  бастығы, 1999 жылы «№2 автопарк» АТАҚ бақылаушы, 1999 жылдан 2002 жылға дейін «Арғымақ»  ААҚ   троллейбус  учаскесінің  кезекші мастері  болып жұмыс істеді. 2011 жылдың 14 сәуірінде  Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін  Бұқар жырау ауданы  ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  бас маманы  болып қызмет атқарды.  

 



Лауазымы:      Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары
А. Ж. Т.             Әли Асхат Сағадиұлы
Өмірбаяны:     1962 жылы туған.  Білімі жоғары, Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-механик. Еңбек жолын 1984 жылы бастады.  Алматы қаласында  №2 зауытта  инженер-технолог,   мастер,  аға мастер болып жұмыс істеген. 1985 жылдан 1990 жылға дейін «Карагандауголь» бірлестігінде  мастер, аға механик,  Ульянов ауданы Көктал кеңшарында  автогараж  меңгерушісі,  инженер болып қызмет атқарған.  1990 жылдан 1996  жылға дейін Қарақұдық  селолық округі халық депутатары Кеңесінің  төрағасы, басшысы болған.  1996 жылдан  Қарақұдық селосының әкімі, «Тоғызқұдық» АҚ атқарушы директоры,  «Елші» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс істеген.  1999 жылы Доскей ауылдық округінің әкімі, 2006 жылы  Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары   болып тағайындалған.

 

 

 

Лауазымы:   Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары

А.Ж.Т.           Құсайын Ерлан Бейсембайұлы

Өмірбаяны:

Құсайын Ерлан Бейсембайұлы, 1976 жылы 24 желтоқсанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында Бесоба ауылында дүниге келген. 1995 жылы Абай атындағы Саран педагогикалық училищесін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады.   1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филалогия факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдады. Оқуды аяқтаған соң Бесоба с/о қарасты Қызыл ту ауылындағы №13 негізгі мектепте ұстаздық етіп, еңбек жолын бастады. 2001 жылы осы мектептің директоры болып тағайындалды.  2006 жылы Қарағанды облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде аудармашы, кадр жұмыстары жөніндегі бас маман болып істеді. 2008 жылы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне ауысып, онда бас маман, бас инспектор болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2015 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандылық Нұржан Сейдуәлі джиу-джитсу бойынша Әлем Чемпионы атанды 05 Желтоқсан 22:04
Қарағандыда жастар жобаларының аймақтық форумы өтті 05 Желтоқсан 22:03
Қарағандыда Бекмұхаммед Киікбаевтың шығармашылық кеші өтеді 05 Желтоқсан 16:46
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»