100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан  Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Е-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

  •  «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №02-0102/5 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы №5084 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

E-3

78 798

106 344

E-4

59 579

80 720

        «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны: 8(72154) 54525,  факс: 8(72154) 22171) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

1.«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы (1 бірлік, №8-1, Е-3 санаты).            
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты жұмыстар кешенінің орындалуы.
Бірыңғай конкурстық, аттестациялық, тәртіптік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлануын және біліктілігін арттыруын жүргізу, біліктілік талаптарын әзірлеу, тәртіптік жазалар, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау жөнінде есептерді, сан бойынша тоқсандық есептерді, статистикалық есептерді әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – персоналды басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша немесе заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету, АҚ, ТЖ алдын алу және жою бөлімінің басшысыаудан әкімі аппаратының бас бухгалтері (1 бірлік, №10-1, Е-3 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Бухгалтерлік есепке және есептілікке басшылық етеді; аудан әкімі аппаратының бюджетін жоспарлаумен айналысады, оның орындалуын бақылауға алады; қаражаттардың дұрыс жұмсалуын, тауар-материалдық және ақшалай құндылықтардың сақталуын, құжаттардың уақытында және дұрыс ресімделуін және бухгалтерлік операциялардың заңдылықтарын бақылауды жүзеге асырады; сайлау кампаниясының қаржыландыруын, ТЖ алдын алу және жою іс-шараларын ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бухгалтерлік есеп туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, ҚР Бюджет Кодексін, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының  Кодексін,  Қазақстан  Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №7-3, Е-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Село, кент, селолық округ әкімі аппараттарының ұйымдастыру қызметінің мәселелерін үйлестіреді, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Аудан әкімі жанындағы жиналыстардың дайындығына және өтуіне, әкімдік отырысына және басқа да іс-шараларға қатысады. Ақпараттық жүйелерді енгізу мәселелерімен айналысады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мониторингісін жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша немесе заңгерлік немесе экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комисcия хатшысы (1 бірлік, №9-3, Е-4 санаты, негізгі қызметкердің 2016 жылғы 1 шілдесіне дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).
Функционалдық міндеттері:
Кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комисcия жұмысын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады, комиссия отырысына мәліметтер дайындауды жүзеге асырады, есеп және комиссия құжаттарын әзірлеуді жүргізеді. Кент және селолық округ әкімдіктерінің жанында құрылған кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау жөніндегі комисcия қызметін үйлестіреді, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық Кодексін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»