100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
E-R-5 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Е-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім, не орта техникалық немесе кәсіптік білім.
 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы №02-0102/5 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы №5084 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

Е-4

59 579

80 720

Е-R-4

56 376

76 235

E-R-5

49 969

67 907

Е-G-3

53 813

72 391

Е-G-4

48 047

 64 704

  
«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны: 8(72154) 22171, электрондық  пошта: b-jirauakimat@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1.«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету, АҚ, ТЖ алдын алу және жою бөлімінің бас маманы – бухгалтері (1 бірлік, №10-2, Е-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Міндетті зейнетақы жинақтары бойынша есеп шоттарын жүргізеді; тауар-материалдық құндылықтарды шығарып тастауды және түгендеуді, есебін жүргізеді; еңбек жөнінде есеп дайындайды және оны аудандық статистика бөліміне тапсырады;  шоттар бойынша айналым ведомостарын жүргізеді; актив есебінің тіркелімінің жүргізеді; белгіленген уақытта салық басқармасына салық есебін дайындайды және ұсынады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», заңын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (1 бірлік, №7-2, Е-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Сайлаушылардың тізімін қалыптастыру бойынша жұмысты жүргізеді, «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі жанындағы жиналыстардың дайындығына және өтуіне, әкімдік отырысына және басқа да іс-шараларға қатысады. Бақылауды іске асырады, мониторинг жүргізеді, аудан әкімінің, кент және ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулерінің сараптамасын жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша немесе заңгерлік немесе экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №1-3, E-R-4 санаты, негізгі қызметкердің 2016 жылдың 19 мамырына дейін бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне).          
Функционалдық міндеттері: Тілдерді дамыту мен қолданудың аймақтық және мемлекеттік орындалуын қамтамасыз етеді, тілдер туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –қазақ тілі және әдебиеті немесе орыс тілі және әдебиеті немесе шет тілі: екі шет тілі мамандықтары бойынша педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жетекші маманы (1 бірлік, №1-4, E- R -5 санаты).     
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің кіріс және шығыс корреспонденцияның тіркелуін жүзеге асырады; бақыланатын және орындалған құжаттардың тізімін құрайды; «Электронды құжат айналымы» бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етеді; аппарат жиналыстарында және бөлім жанындағы басқа да іс-шараларды өткізуде және дайындауда қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді және олардың уақытында орындалуын жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе мұрағаттану, құжаттандыру және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша;  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы»,  «Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы» Заңдарын, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік ережелерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5.  Қызылқайың а/о (1 бірлік, №4-9, Е-G-3 санаты), Самарқанд а/о (1 бірлік, №4-19, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының  бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе гуманитарлық немесе экономикалық немесе педагогикалық, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтану, саясаттану мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,   «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
6. Ақтөбе а/о әкімі аппаратының бас маманы бухгалтері (1 бірлік, №8-4, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, салық комитетіне есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі), Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7.  Көкпекті а/о (1 бірлік, №9-11, Е-G-3 санаты),    Тоғызқұдық а/о ( 1 бірлік, №9-17, Е-G-3 санаты) әкімдері аппараттарының бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық, ауылшарушылық, заңгерлік, ветеринария немесе ветеринарлық медицина мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Ветеринария туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. Көкпекті а/о  әкімі аппаратының жетекші маманы (2 бірлік, №10-7, №10-8, Е-G-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады,  салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді, ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – экономикалық, заңгерлік, техникалық немесе педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»