100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарландыруы

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Е-3 санаты үшін: Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;    
E-R-2 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
       4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 
      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Е-R-4 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)
 
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
Санаты Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
Е-3 102 437 138 248
E-R-2 127 422 172 394
E-R-4 73288 99105
 
«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хана көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: a.temirzhanov@karaganda-region.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1.«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы  (1 бірлік, санаты Е-3,   № 9-1).
Функционалдық міндеттері: 
Аудан әкімі аппаратында іс жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, құжаттар бойынша есептік – анықтамалық жұмыстарды жүргізеді, мұрағатқа тапсырылатын құжаттардың дұрыс сақталуын, рәсімделуін, қалыптастырылуын бақылайды, аудан әкімі аппаратында, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппаратында электронды құжат айналым жүйесін жүргізеді және енгізеді, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, аудан әкімі аппаратында «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңның орындалуын бақылауды жүзеге асырады, азаматтардың өтініштерін және қызметтік құжаттардың жүргізілу, қарастырылу тәртібін қадағалайды, азаматтардың өтініштерін қарау бойынша статистикалық есептер дайындайды, аудан әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, бөлімдердің, басқармалардың, ұйымдардың, мекемелердің жұмыстарын және іс жүргізуді ұйымдастыруын жинақтап, сараптайды, практикалық көмек көрсетуде азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі:–жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (заңтану)  немесе «әлеуметтік ғылымдар» (мұрағаттану, құжат жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) мамандықтары  бойынша немесе «экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша;  Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-бас бухгалтер (1 бірлік, санаты Е-3,  № 12-1).
Функционалдық міндеттері: 
Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады, аудан әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, қаражаттардың дұрыс шығындалуын бақылайды, тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялар құжаттарының заңды түрде уақытылы және дұрыс рәсімделуін қадағалайды, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді уақытылы ұсынуды бақылайды, аудандық статистика бөліміне негізгі қаражат, қызмет көрсету, отын – су, автокөліктер бойынша есептерді дайындайды және тапсырады, мемлекеттік сатып алуды мерзімінде жүргізілуін қамтамасыз етеді, тауарларды сатып алу келісім шарттарын уақытылы қабылдануын және жүргізілген жұмыстар бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді, сайлау кампанияларын, ТЖ жою және ескерту бойынша шараларды қаржыландыруды ұйымдастырады,банктік операциялардың есебін жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі»заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексін,«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау ауданыныңауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, санаты E-R-2,  № 1-1).
Функционалдық міндеттері:
Аудан аумағында ауыл шаруашылық өнімдерін ұйымдастырады, залалды кәсіпорындарды күшейту және қалпына келтіру жұмыстарын басшылыққа алады. Аудан аумағындағы ауыл шаруашылықтың даму болжамын және индикативтік жоспарын, бағдарламаларды құрастыруын басшылыққа алады, өз құзыреті бойынша маусымдық жұмыстарға ауыл шаруашылық техникаларының дайындығын бақылайды, шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылықтың дамуы және ұйымдастырылуына қолдау көрсетеді. Жас тұқымдастың өсірілуі бойынша тұқымды субъектілердің қызметтерін үйлестіреді, қысқа және ұзақ мерзімді келешекке агроөндірістік секторының даму болжамын құрайды, көктемді жазық жұмыстарының және астық жинау жедел жұмыс жоспарын дайындауды уақытылы қамтамасыз етеді. Балық шаруашылығы учаскелері немесе суларының және аңшылық жерлерінің қорларында аңдарды қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Аудан аумағында ауыл шаруашылығын өндіруде субсидийді тиімді қолдануды бақылайды. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкімет қаулыларының, аграрлы саясат саласындағы облыс және аудан әкімдері өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, облыс және ауданның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді ынталандыру бойынша кешендік шараны жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «ауыл шаруашылығы ғылымдары» мамандығы бойынша немесе «экономика және бизнес» мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтың мемлекеттік дамуын реттеу туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі»заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4.«Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, санаты Е-R-2,  № 1-1).
Функционалдық міндеттері:
Мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстар ұйымдастырады. Статистикалық есептердің уақытында тапсырылуын ұйымдастырады. Ауданның білім мекемелерінің, білім жүйесі қызметкерлерінің және басшыларының аттестациясын бақылайды. Жаңа оқу жылының басталуына білім ұйымдарының дайындығын, бөлімнің материалдық-техникалық базасының жетілдірілуін және нығайтылуын,  материалдық құндылықтардың есебін бақылауды жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарында жылыту маусымы кезеңінде көмірдің қажеттілігін анықтайды және көмірдің уақытылы әкелінуін қадағалайды. Оқушылардың тасымалдануын, білімді ұйымдастыру үшін оқыту кабинеттерінің және оқулықтарының сатып алынуын және жеткізілуін, мектеп жанындағы интернаттардың жұмыстарын, аудан мектептерінде тамақтануын қадағалайды. Ауданның білім беру ұйымдарында ағымдағы және капиталды жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалар мен түбіртектердің уақытылы құрастырылуына бақылай жүргізеді.  Ауданның мектептерін материалды - техникалық құралдармен қамтамасыз етілуін және мемлекеттік сатып алу конкурсының өткізілуін қадағалайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және жалпы орта білім жүйесі жағдайының мониторингісін жүргізеді, білім ұйымдарын лицензиялауды, қайта құруды, таратуды, басшылардың, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды бақылайды. Аудандық және мектепішілік олимпиадалардың өткізілуін ұйымдастырады. Ауданның мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің жұмысын бақылауды, оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ), Бірыңғай Ұлттық Тестілеуді ұйымдастыруды жүзеге асырады. Аудандық білім бөлімінің Кеңесіне материалдарды дайындауды ұйымдастырады. Азаматтардың қабылдауын жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –жоғары «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
6. «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, № 1-2, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Тілдерді дамыту және Мемлекеттік, аумақтық бағдарламалардың қызметтерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Өз құзырына сәйкес тілдер туралы заңнамалардың орындалуын жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдарға ақпараттар мен есептер дайындайды, мониторинг жүргізеді. Конкурстардың жүргізілуін, тілдердің дамуы бойынша ұлттық – мәдени орталықтардың қатысуымен шараларды, аудан аумағында тұратын ұлттардың мәдениетін, ұлттық салт - дәстүрлердің сақталуын ұйымдастырады; мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту бойынша курстар ұйымдастырады; аудандық мәслихат сессиясына нысандар атауларын бірыңғайлау сұрақтары бойынша мәліметтер дайындайды; аудандық ономастикалық комиссияның қызметтерін қамтамасыз етеді; «Мекенжай регистрі» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізеді.                      
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі –жоғары «Білім» (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілдері) мамандығы бойынша. Практикалық жұмыс өтілі бар болған кезде орта арнайы немесе техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша немесе «білім» (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілдері) мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін отыз күнтізбелік күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет»ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіарқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралдыақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. 
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданыәкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттарының депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
 
 
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
 
____________________________
(мемлекеттік орган)
 
 
Өтініш
 
 
 
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
 
Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
 
 
 
 
 
 
 

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»