100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

 
 
Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:
 
Е-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
E-G-4 санаты үшін:   жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.      
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).
 
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
Санаты Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
Е-R-4 73288 99105
E-G-3 69 957 94 109
Е-G-4 62 462 84 115
 
  «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: a.temirzhanov@karaganda-region.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
       1. «Бұқар жырау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы 
(1 бірлік, санаты Е-R-4, № 2-2).
Функционалдық міндеттері: Аудандық маслихатпен, саяси партиялармен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым – қатынасты қамтамасыз етеді, олардың қызметі туралы мониторинг жүргізеді; ауданның қоғамдық – саяси ахуалына сараптама жүргізеді, жүзеге асырады; ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси процесстерді зерттеу бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізеді, зерттеулердің қорытындысын сараптайды және жинақтайды; ақпаратты – аналитикалық материалдар мен есептерді дайындайды; қоғамдық – саяси және мәні бар мәдени – бұқаралық шараларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады; БАҚ өткізілген қоғамдық – саяси шараларын жариялайды; қоғамдық – саяси жарнамалардың мазмұны мен сапасын бақылайды және жұмысын жузеге асырады, ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «әлеуметтік ғылымдар» (саясаттану, әлеуметтану) немесе «гуманитарлық ғылымдар» (тарих) немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «әлеуметтік ғылымдар» (саясаттану, әлеуметтану) немесе «гуманитарлық ғылымдар» (тарих) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы»,  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ механизация және өсімдік шаруашылығы секторының бас маманы 
(1 бірлік, №3-2, E-R-4 санаты).
 
 
Функционалдық міндеттері: 
Топырақ құнарлылығын арттыруға, ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық іс-шараларды енгізуді және өңдеуді ұйымдастыру, шығымдылығы жоғары сорттарды енгізу бойынша жәрдемдесу, тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, шаруашылықтарды жоғары өнімді аудандастырылған дәндердің сорттарымен қамтамасыз ету, олардың сақталуын, егіс айналымын сақтау, ауылшаруашылығы жұмыстарын өткізу, көктемгі егу және жинау жұмыстарының есебі, мал азықтық астық балансы есебі бойынша жұмыстарды үйлестіру. Аудан бойынша дәндер балансын құрастыру, тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асыру, дәндердің сапасын сараптау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «ауыл шаруашылығы ғылымдары» (агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы» (агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Агроөндірістік кешен және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. 
3. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ механизация және өсімдік шаруашылығы секторының бас маманы  
(1 бірлік, №3-3, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Тіркеуді, есептен шығаруды жүзеге асырады, тракторлар мен техникалық құралдардың жағдайын бақылайды, жыл сайын техникалық тексерістен өткізеді, емтихан қабылдайды, машинист – тракторшы куәлігін береді, құжаттардың есебін жүргізеді, жоғары тұрған органдарға уақытылы есеп беруді қамтамасыз етеді. Ақпаратты – аналитикалық жұмысты және мониторинг жүргізеді, МТС (сервис – орталық) жұмысын үйлестіреді, ауыл шаруашылығын өндіру механизациясы облысында деңгейлі тәжірибені енгізу бойынша ұсыныстар құрастырады, қажеттіліктер бойынша есептер жүргізеді, аудан шаруашылығында ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы техникалары лизингісін қабылдап алу бойынша мониторинг жүргізеді. Ауыл шаруашылығын өндірудегі шығындарға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын жүзеге асырады, көктемгі егінді және жинау жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік қаражаттың шығынын мақсатты түрде пайдалануын және ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығына бақылауды жүзеге асырады, аудан әкімдігінің отырысына арналған ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы және егу, жинау жұмыстары туралы мәліметтер жинақтауға қатысады.  
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «ауыл шаруашылығы ғылымдары» (аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығының механизациясы) мамандығы бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (инженер – механик біліктілігі бойынша) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы» (ауыл шаруашылығының механизациясы, ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Агроөндірістік кешен және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. 
4. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының құрылыс бөлімі» ММ бас маман - заңгері  (1 бірлік,  №2-1, Е-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары мен қызметтері бойынша келісім шарт міндеттерінің орындалуы жағынан талап арыздарының берілуін қамтамасыз етеді, қарсылық жұмыстарын жүргізеді. анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстардың құрылуы мақсатында келісім шарттардың орындалуы мен тәжірибелердің қорытындысын, арбитражды және сот істерін, қарсылық өтініштерін қарастыру қорытындысын жинақтайды және сараптама жүргізеді, зерделейді. Ұйымдар нысандарында анықталғанкемшіліктер туралы хабарлама дпйындайды. Несиелік және дебиторлық қарыз туралы сұрақтарды қарастыруға қатысады, оларға құқықтық сараптама жүргізеді, келісім шартқа қатысты жұмыстарға қатысады. Бөлім жұмыскерлеріне қолданыстағы заңнама  және ондағы өзгерістер туралы ақпарат беріп отырады. Бөлім қызметінде пайда болатын құқықтық сұрақтар бойынша қорытынды дайындауды жүзеге асырады. Аяқталмаған нысандардың құрылысы бойынша жұмыс жүргізеді. коммуналдық жеке меншік нысандарының құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары туралы конкурс өткізуге құжаттар дайындайды. Құрылыс сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен жүгінулерін қарастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «құқық» (заңтану) мамандығы бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» (заңтану) мамандығы бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.            
5. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3, №5-6).
Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, жоспарлайды, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы,  ауылды  абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары  «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану) немесе «білім» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
6. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, E-G-3 санаты, №10-19), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, E-G-3 санаты, № 10-7), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Шешенқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, Е-G-3 санаты, № 10-16) бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама» мемлекеттік қызмет көрсетеді; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауылшаруашылық» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
7. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  (1 бірлік, № 9-14, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтерлері (1 бірлік, № 9-23, Е-G-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: 
Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
8. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Суықсу ауылы әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №7-6, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, №7-3, Е-G-3 санаты) бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: 
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді, осы бағытта іс – шаралардың орындалуын жүзеге асырады, дүниеге келген және қайтыс болған адамдардың есебін жүргізеді, осы бағытта есеп береді, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, шаруашылық кітаптарын жүргізеді, әскери міндеттілер мен әскери қызмет заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді, әскерге шақырылғандар бойынша есеп жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандығы бойынша немесе «құқық» (заңтану) мамандығы бойынша немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс) мамандығы бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандығы бойынша немесе «құқық» (құқықтану) немесе «сервис» (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі;  Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
9. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-6, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-13, Е-G-3 санаты) бас мамандары.
Функционалдық міндеттері: 
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама» мемлекеттік қызметін көрсетеді, карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады. 
 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар» (мұрағаттану, құжаттама жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) немесе «сервис» (іс жүргізу және мұрағаттану (қолдану саласы және облысы бойынша) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
10. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ростовка ауылдық округі  әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы (1 бірлік, 
№ 11-8, Е-G-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді және ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (салалар бойынша); Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
 
 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.
Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MMэлектрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MMөтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
 
 
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_____________________________
 (мемлекеттік орган)
 
 
Өтініш
 
 
 
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
 
Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
 
 
Нысан
 
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / 
фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО
(түрлі түсті/ 
цветное,
3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема босатылған/
увольнения
 
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»