100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

Төменгі лауазымдар болып табылмайтын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ хабарламасы

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Е-3 санаты үшін: Жоғары білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
E-R-2 санатына: Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
 3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
 4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
 7) ғылыми дәрежесінің болуы.
Е-R-4 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)
 
Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:
Санаты Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
Е-3 102 437 138 248
E-R-2 127 422 172 394
E-R-4 73288 99105
 
«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хана көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: a.temirzhanov@karaganda-region.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-бас бухгалтері (1 бірлік, санаты Е-3,  № 12-1).
Функционалдық міндеттері: 
Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты басшылыққа ала отырып, жүзеге асырады, аудан әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, қаражаттардың дұрыс шығындалуын бақылайды, тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялар құжаттарының заңды түрде уақытылы және дұрыс рәсімделуін қадағалайды, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді уақытылы ұсынуды бақылайды, аудандық статистика бөліміне негізгі қаражат, қызмет көрсету, отын – су, автокөліктер бойынша есептерді дайындайды және тапсырады, мемлекеттік сатып алуды мерзімінде жүргізілуін қамтамасыз етеді, тауарларды сатып алу келісім шарттарын уақытылы қабылдануын және жүргізілген жұмыстар бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді, сайлау кампанияларын, ТЖ жою және ескерту бойынша шараларды қаржыландыруды ұйымдастырады,банктік операциялардың есебін жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі»заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Еңбек кодексін, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексін,«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2.«Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, санаты Е-R-2,  № 1-1).
Функционалдық міндеттері:
Мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстар ұйымдастырады. Статистикалық есептердің уақытында тапсырылуын ұйымдастырады. Ауданның білім мекемелерінің, білім жүйесі қызметкерлерінің және басшыларының аттестациясын бақылайды. Жаңа оқу жылының басталуына білім ұйымдарының дайындығын, бөлімнің материалдық-техникалық базасының жетілдірілуін және нығайтылуын,  материалдық құндылықтардың есебін бақылауды жүзеге асырады. Білім беру ұйымдарында жылыту маусымы кезеңінде көмірдің қажеттілігін анықтайды және көмірдің уақытылы әкелінуін қадағалайды. Оқушылардың тасымалдануын, білімді ұйымдастыру үшін оқыту кабинеттерінің және оқулықтарының сатып алынуын және жеткізілуін, мектеп жанындағы интернаттардың жұмыстарын, аудан мектептерінде тамақтануын қадағалайды. Ауданның білім беру ұйымдарында ағымдағы және капиталды жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалар мен түбіртектердің уақытылы құрастырылуына бақылай жүргізеді.  Ауданның мектептерін материалды - техникалық құралдармен қамтамасыз етілуін және мемлекеттік сатып алу конкурсының өткізілуін қадағалайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және жалпы орта білім жүйесі жағдайының мониторингісін жүргізеді, білім ұйымдарын лицензиялауды, қайта құруды, таратуды, басшылардың, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды бақылайды. Аудандық және мектепішілік олимпиадалардың өткізілуін ұйымдастырады. Ауданның мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің жұмысын бақылауды, оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ), Бірыңғай Ұлттық Тестілеуді ұйымдастыруды жүзеге асырады. Аудандық білім бөлімінің Кеңесіне материалдарды дайындауды ұйымдастырады. Азаматтардың қабылдауын жүргізеді.
      
 
  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «білім» мамандықтары бойынша;                                   Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
3. «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, № 1-2, E-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері:
Тілдерді дамыту және Мемлекеттік, аумақтық бағдарламалардың қызметтерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Өз құзырына сәйкес тілдер туралы заңнамалардың орындалуын жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдарға ақпараттар мен есептер дайындайды, мониторинг жүргізеді. Конкурстардың жүргізілуін, тілдердің дамуы бойынша ұлттық – мәдени орталықтардың қатысуымен шараларды, аудан аумағында тұратын ұлттардың мәдениетін, ұлттық салт - дәстүрлердің сақталуын ұйымдастырады; мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту бойынша курстар ұйымдастырады; аудандық мәслихат сессиясына нысандар атауларын бірыңғайлау сұрақтары бойынша мәліметтер дайындайды; аудандық ономастикалық комиссияның қызметтерін қамтамасыз етеді; «Мекенжай регистрі» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізеді.                      
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілдері). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік «білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілдері) білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 
         1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
         2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
         3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық
куәландырылған көшiрмелерi;
      «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану
және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
     «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi
туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік
қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық  стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса  беріледі.
        Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
        4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
        5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
       6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі;
      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені
туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат
(немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда
жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе
қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304
тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
     10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға  дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
        Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
         Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың
көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап
7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
      Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ  құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не  хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.
       Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
       Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үшжұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан
Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
 
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
 
                                                                                                    
Өтініш
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
   Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                              Нысан
 
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / 
фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема босатылған/
увольнения
 
 
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата
 

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»