100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

Барлық конкурсқа қатысушыларға ортақ біліктілік талаптары:

 

Е-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-G-3 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санаты үшін:   жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.      

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-4

77452

104935

Е-R-4

73 288

99 105

E-G-3

69 957

94 109

Е-G-4

62 462

84 115

 

         «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: a.temirzhanov@karaganda-region.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

       1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (1 бірлік, санаты Е-4, № 9-2).

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аудан әкімі және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдауы, АИС «Айқын» бағдарламасымен қамту жұмыстары бойынша іс жүргізуді ұйымдастырады, жүргізеді. Ай сайын құқықтық статистика басқармасына №1-ОЛ нысанындағы статистикалық есеп дайындайды, облыс әкімі аппаратына жазбаша және ауызша өтініштерді уақытында қарастырғаны туралы ақпарат дайындайды, аудан әкімімен өткізілген іс – шаралардың дайындығы мен хаттама жазылуына қатысады, тәжірибелік көмек көрсету арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, іс жүргізуде бөлімдер, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің жұмыстарын зерделейді, сараптайды; аудан әкімінің өкімдері, шешімдері мен қаулыларының дұрыс рәсімделуі, тіркелуі, сақталуы туралы есеп жүргізеді; мұрағатқа тапсыру үшін істерді дайындайды; бланктердің берілу есебін жүргізеді, олардың сақталуын қамтамасыз етеді; «Электронды құжат айналым» бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» (құқықтану) немесе «әлеуметтік ғылымдар» (мұрағаттану, құжаттама жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» (құқықтану) немесе «сервис» (іс жүргізу және мұрағаттану (қолдану аясы мен саласы бойынша) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

2. «Бұқар жырау ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ есеп және қаржыландыру секторының бас маманы (1 бірлік, №3-2, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемелер мен әкімшілік бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша жұмысты үйлестіреді. Бекітілген мерзімде статистикалық, салықтық, бухгалтерлік есептерді дайындап тапсырады. Есепке алу және есеп беру сұрақтары бойынша методикалық әдістемелерді, нұсқаулықтарды, ережелерді бухгалтерлік қызметтің құзырындағы тағы да басқа нормативті – құқықтық құжаттарды жүйелендіру жұмыстарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Қазақстан Республикасының «Бюджеттегі салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының құрылыс бөлімі» ММ бас маман - заңгері  (1 бірлік,  №2-1, Е-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу жұмыстары мен қызметтері бойынша келісім шарт міндеттерінің орындалуы жағынан талап арыздарының берілуін қамтамасыз етеді, қарсылық жұмыстарын жүргізеді. анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстардың құрылуы мақсатында келісім шарттардың орындалуы мен тәжірибелердің қорытындысын, арбитражды және сот істерін, қарсылық өтініштерін қарастыру қорытындысын жинақтайды және сараптама жүргізеді, зерделейді. Ұйымдар нысандарында анықталғанкемшіліктер туралы хабарлама дпйындайды. Несиелік және дебиторлық қарыз туралы сұрақтарды қарастыруға қатысады, оларға құқықтық сараптама жүргізеді, келісім шартқа қатысты жұмыстарға қатысады. Бөлім жұмыскерлеріне қолданыстағы заңнама  және ондағы өзгерістер туралы ақпарат беріп отырады. Бөлім қызметінде пайда болатын құқықтық сұрақтар бойынша қорытынды дайындауды жүзеге асырады. Аяқталмаған нысандардың құрылысы бойынша жұмыс жүргізеді. коммуналдық жеке меншік нысандарының құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары туралы конкурс өткізуге құжаттар дайындайды. Құрылыс сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен жүгінулерін қарастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.            

4. «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, № 1-2, Е-R-4 санат).

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімі қаулысының жобасын және ұсыныстарын дайындайды, жерді пайдалану және жер учаскелерін меншікке ұсынуды қамтиды, жер саудасының (аукциондар, конкурстар) жүргізілуін ұйымдастырады, аудандық бағдарламалар, кестелер, жобалардың сараптамасын жүргізеді, деңгейіне сәйкес жер кадастрының жүргізілуін ұйымдастырады, ауыл шаруашылығына негізделген жер учаскелерінің төлқұжатын береді, уақытша қайтаруда жерді пайдалану және жер учаскесін жалдау келісім шарты мен сату – сатып алу келісім шарттарын тіркейді. Тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануда жергілікті атқарушы органдарға рұқсат беру бойынша, ауыл шаруашылығы түрлерінің ауысуы бойынша ұсыныстар дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «қызмет көрсету» (жерге орналасу, кадастр) немесе «ауыл шаруашылығы ғылымдары» (агрономия) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

5. «Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жүргізу бойынша секторының бас маманы (1 бірлік, № 3-2, Е-R-4 санат).

Функционалдық міндеттері: Аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, ардагерлер, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтан жапа шеккен азаматтар туралы ақпараттық мәліметтер базасын жүргізеді. көмек қолын созған мүгедектерге көмек көрсетеді, оларды оңалту құралдарымен жабдықтайды. Соғыс жылдары алты айдан кем жұмыс істеген тұлғалардың жұмыс өтілін бекіту бойынша құжаттарды қарастырады. Ядролық полигон аясында өмір сүрген уақытына бір мерзімді өтемақы тағайындауғақұжаттарды тіркейді. Бухгалтерлік есеп және есеп беру, статистика органдарына, мемлекеттік кіріс басқармасына уақытында есеп беру жұмыстарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары  «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «қызмет» (әлеуметтік жұмыстар) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «сервис» (әлеуметтік жұмыстар)  мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

6. «Бұқар жырау ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №1-4, Е-R-4 санат).

Функционалдық міндеттері: Коммуналды қызметтердің ұсынылғанына бақылау жүргізеді: ауданның елді мекендерін жылу, су, жарықпен қамтамасыз ету; қоғамдық көліктердің тынымсыз іс – әрекеті, тиімді жүргіншілер тасымалы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, тасымал, жүргіншілер көлігі, энергетика, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының қызметтерін үйлестіреді, жоғары тұрған органдар құжаттарының орындалуына, аудан әкімінің әкімдік қаулысының, шешімінің, өкімінің, тапсырысының орындалуына бақылау жүргізеді, бөлімнің құзырына кіретін сұрақтар бойынша аппараттық кеңестерге, аудан әкімдігінің отырысына ақпараттар дайындайды, кенттер және ауылдық округтер әкімдерімен қарым – қатынасты қамтамасыз етеді. Меншік нысанына тәуелсіз жарық кешен ұйымының және кәсіпорынның қызметін үйлестіру бойынша жұмыс жүргізеді, ауданның жарықпен қамтамасыз етудегі даму кешендік жоспарын, құрылымын жүзеге асырады. Жарықтың альтернативті көзі үшін жолын іздеу жұмыстарын үйлестіреді. Ауданның елді мекендеріндегі су құбыры жүйелерінің қайта құрылуы бойынша конкурстар өткізу үшін бөлімнің қызметі, жұмысы, мемлекеттік тауарларын сатып алуды ұйымдастыру үшін қажетті материал дайындығын жүзеге асырады. жылыту маусымына әлеуметтік - мәд–ни орталықтар нысанының өтуі барысында дайындық мониторингісін жүргізеді. ауданның елді мекендерінде санитарлық тазалық, абаттандыру бойынша бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Абаттандыру бойынша іс-шаралар өткізудегі «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асу жұмыстарын үйлестіреді. Ауданның санитарлық тазалығы және абаттандырылуы, жылыту маусымына дайындығы бойынша штаб отырысына материалдар дайындығын жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары  «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет» (тасымалды ұйымдастыру, көліктің қимылы және пайдалануы) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «техникалық ғылымдар және технологиялар» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша немесе «көлікті пайдалану» (тасымалды ұйымдастыру, көліктің қимылын басқару) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

7. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ механизация және өсімдік шаруашылығы секторының бас маманы 
(1 бірлік, №3-2, E-R-4 санаты).

Функционалдық міндеттері: 

Топырақ құнарлылығын арттыруға, ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығын арттыруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық іс-шараларды енгізуді және өңдеуді ұйымдастыру, шығымдылығы жоғары сорттарды енгізу бойынша жәрдемдесу, тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, шаруашылықтарды жоғары өнімді аудандастырылған дәндердің сорттарымен қамтамасыз ету, олардың сақталуын, егіс айналымын сақтау, ауылшаруашылығы жұмыстарын өткізу, көктемгі егу және жинау жұмыстарының есебі, мал азықтық астық балансы есебі бойынша жұмыстарды үйлестіру. Аудан бойынша дәндер балансын құрастыру, тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асыру, дәндердің сапасын сараптау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «ауыл шаруашылығы ғылымдары» (агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы» (агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,  «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», «Агроөндірістік кешен және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.

8. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы ( 1 бірлік, E-G-3 санаты, №10-19),  «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Шешенқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы  (1 бірлік, Е-G-3 санаты, № 10-16).

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша және «ветеринария» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі;  Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

9. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  (1 бірлік, №9-14, Е-G-3 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маман-бухгалтерлері (1 бірлік, №9-23, Е-G-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетін жоспарлайды, еңбекақы төлемін есептейді,  тауар-материалдық құндылықтардың, банктік операциялардың есебін жүргізеді,  аудандық статистика бөліміне, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасына есептерді, жеткізіп берушімен келісімшарт жасасу бойынша құжаттаманы, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет бойынша есептерді дайындайды, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы бойынша МЗТО бағдарламасын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

10. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Суықсу ауылы әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №7-6, Е-G-3 санаты) бас маманы.

Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етеді, осы бағытта іс – шаралардың орындалуын жүзеге асырады, дүниеге келген және қайтыс болған адамдардың есебін жүргізеді, осы бағытта есеп береді, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, шаруашылық кітаптарын жүргізеді, әскери міндеттілер мен әскери қызмет заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді, әскерге шақырылғандар бойынша есеп жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) немесе «сервис» (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі;  Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

11. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №2-6, Е-G-3 санаты) бас маманы.

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама» мемлекеттік қызметін көрсетеді, карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекенді санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастырады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар» (мұрағаттану, құжаттама жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша; Практикалық іс тәжірибесі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша немесе «құқық» (құқықтану) немесе «сервис» (іс жүргізу және мұрағаттану (қолдану саласы және облысы бойынша) мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

12. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қушоқы кенті  әкімінің аппараты» ММ (1 бірлік, №11-1, Е-G-4 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылдық округі  әкімінің аппараты» ММ  (1 бірлік, №11-5, Е-G-4 санаты), «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі  әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы                        (1 бірлік, № 11-12, Е-G-4 санаты, негізгі қызметші 2019 жылғы 20 тамызына дейін бала күтіміне байланысты демалыста болған уақытына) жетекші мамандар.

Функционалдық міндеттері: Халыққа әлеуметтік көмек көрсету мәселелері, жұмыспен қамту және бос жұмыс орындарын құру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды, салық төлемдерін жинауға жәрдем көрсетеді, олардың түсуі бойынша анықтамалық ақпаратты дайындайды, әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды жүргізеді, ұйымдастырады, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп,  абаттандыру және елді мекенді санитарлық тазалау бойынша жұмысты жүргізеді және ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша  немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)  немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технология» мамандықтары бойынша (салалар бойынша)  білімге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы  3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM электрондық поштасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» MM өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

_________________________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

 

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»