100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарландыруы

Конкурстың  барлық қатысушыларына  қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

         Е-R-1 санаты үшiн: Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,        B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)   А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4)  мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)  жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

E-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

  - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарынасәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

      Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

                   E-R-1

142412

192382

E-R-3

  96 607

 129 920

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: a.temirzhanov@karaganda-region.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. 1.  «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік, №15-1, Е-R-1 санаты).

Функционалдық міндеттері: Кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне техникалық тексерістің есептерін жүргізу сұрақтары бойынша жұмыс жүргізеді. Кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне техникалық тексерістің есептерін жүргізеді, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне капиталдық жөндеу жұмыстарының бөлек түрлерін жүргізу кезегі мен кезеңін, тізімін анықтайды, тұрғын үй көмегімен қаржыландыратын кондоминиум нысанын басқару органымен ұсынылған кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне капиталдық жөндеу жұмыстарының бөлек түрлерін жүргізу үшін шығындар мен есепке алу кестесін келістіреді, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігіне капиталдық жөндеу жұмыстарының бөлек түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдап алу бойынша комиссияға қатысып, қарастырады. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерістер жүргізеді. Тексеріс жүргізу қорытындысында алынған мәліметтер мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігін күтіп ұстау тәртібінің кемшіліктері туралы акт құрастырады, кондоминиум нысандарының жалпы мүлігін күтіп ұстау тәртібінің кемшіліктерін жою бойынша нұсқаманың орындалуы үшін міндеттемелер енгізеді, сотта тұрғын үй инспекциясының мүддесін бекітілген тәртіп бойынша ұсынады, сонымен бірге басқа ұйымдарда да тұрғын үй инспекциясының қызметі туралы құқықтық сұрақтарын қарастыруда ұсынады, қатардағы ұйымдардың келісім шарт міндеттерін орындау қызметтерін бақылауды жүзеге асырады. Бөлімнің қаржылық – шаруашылық қызметі туралы сұрақтарды қамтиды, азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, бұйымдар мен конструкциялар); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

2. «Бұқар жырау ауданының ветеринария бөлімі» ММ биологиялық қауіпсіздік, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау секторының меңгерушісі (1 бірлік, № 1-1, Е-R-3 санаты).

          Функционалдық міндеттері: Малдардың ең қауіпті ауруларының алдын алу және емдеу жұмыстары бойынша бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Жануарлардың ауруы бойынша және анықталған эпизоотикалық ошағы туралы эпизоотикалық мониторинг жүргізеді. ветеринария аясында кәсіпкерлік қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы жеке және заңды тұлғалардан нұсқама қабылдайды. Ауыл шаруашылығы малдардарына сәйкестендіруді жүргізу үшін құралдар мен атрибуттар тқажеттілігін анықтайды. Аудан аумағында ветеринарлық – профилактикалық шаралар жоспарының орындалуын бақылайды және жүзеге асырады, жылдық есепті, тоқсандық жұмыс жоспарын, ветеринарлық есепке алуды жүргізу және ветеринарлық есепке алудың уақытын ұсынуын жүзеге асырады. «Бұқар жырау ауданының ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығына КМК жұмысын үйлестіреді. Анықталған эпизоотикалық ошағына сараптама жүргізеді. Эпизоотикалық тексеріс актісін береді. Ветеринария аясындағы ішкі сауда нысандарына, өндіріске, жануар типтес шикізатқа, өнімге, жануарларды өсіруді іске асыратынға, ветеринария аясындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға, ауыстыру, құрылыс, қайта өндіру және мал сою орнының пайдалануы, енгізілуі жөніндегі зоогигиеналық және ветеринарлық талаптардың сақталуына, өндіріс нысанына, мал өсіруді жүзеге асыратын, сақталатын, малдарды, өнімдерді, мал типтес шикізатты, сонымен бірге өндіру ұйымын, ветеринарлық препараттардың, жемдердің және жем қоспаларының сақталуын Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының сақталуына сай мемлекеттік ветеринарлы – санитарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырады. Ветеринарлы – санитарлық бақылау нысандарына ветеринарлы – санитарлық қорытындылар береді. Малдарды сою тазалығын жүргізуді және ұйымдастыруды бақылайды. Малдардың энзоотикалық, жұқпалы емес, аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық шаралар жүргізуді бақылайды. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринарлы – санитарлық бақылау және қадағалау актісін құрастырады. Ветеринарлық анықтамалардың берілуін, биологиялық материалдардың үлгісін, олардың ветеринарлық зертханаға жеткізілуін қадағалайды. Әкімшілік – аумақтық бірлікке сәйкес аймақта ветеринарлы – санитарлық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныс енгізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «ветеринария» (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Бюджеттік кодексі, Кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

3. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ механизация және өсімдік шаруашылығы секторының меңгерушісі (1 бірлік, № 3-1, E-R-3 санаты).

Функционалдық міндеттері: Тұқымдану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда мал шаруашылығы үщін мықты жемдеу базасын құру, тұқым шаруашылығын нығайту, топырақтануды арттыруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық іс-шараларды енгізуді және өңдеуді қамтамасыз ету. Тұқым жоғары өнімді аудандастырылған дәндердің сорттарымен қамтамасыз ету, олардың сақталуы бойынша жұмыстарды үйлестіреді; өз құзырындағы агроөнеркәсіптік кешеннің даму саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізеді; ауыл шаруашылығын қалыптастыруды дамыту сараптамасын қамтамасыз етеді, қысқы мерзімді және ұзақ мерзімді келешегіне агроөнеркәсіптік секторының дамуын болжауды құрастыру, көктемгі егіс, астық жинау және жем дайындау жұмыстарының шұғыл жұмыс жоспарының құрылуы, аудан әкімінің агрономия сұрақтары бойынша отырыстарына материалдар дайындауға қатысады; ауданның шаруашылығында ауыл шаруашылығы техникаларын техникалақ тексеруді жыл сайын жүргізу, ауыл шаруашылығын өндіру механизациясы саласында екпінді тәжірибеніенгізу бойынша ұсыныстар дайындау, ауданның шаруашылығына ауыл шаруашылық техникаларын енгізу және қажеттіліктерді есепке алуды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы техникаларының лизингісіне ие болу бойынша мониторинг жүргізу жұмыстарын МТС үйлестіреді. Ауданның аумағында инвестиционды – жаңарту өндірісінің қызметін, ауыл аумағының дамуын Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Ауданның аумағында ауыл шаруашылық өндірісінде субсидийді тиімді пайдалануға бақылау жасауды жүзеге асырады.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «ауыл шаруашылық ғылымдары» (аграрлық техника және технология, ауыл шаруашылығының механизациясы, агрономия, топырақтану және агрохимия) мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технология» (инженер – механик біліктілігі бойынша) мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы», «Дәнді дақылдар туралы», «Астық туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, Кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov»  электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандандырылған  лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________

__________________________________________________________________                 

________                               ____________________________________

  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

     «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»