100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ- нің хабарландыруы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-1 санаты үшін: Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

E-G-3 санаты үшін : жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы

min

max

Е- 1

150 741

203 208

E-G-3

69 957

94 109

       

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400 Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хана көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: a.temirzhanov@karaganda-region.gov.kz) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары (1 бірлік, № 3-1, Е-1 санаты).

Ф ункционалдық міндеттері: «Өңірлерді дамыту», «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы», «Балапан» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-насихаттық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту, мүгедектерді оңалту, аудандық денсаулық сақтау және мәдениет, білім беруді дамытудың, тілдерді дамыту және қызмет етуінің, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің, мемлекеттік жастар саясатының бағдарламаларының іске асырылуына жауапты болып табылады; аудандық білім, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат, мәдениет және тілдері дамыту, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады; ішкі саясаттың негізгі басымдылықтарын ақпарттық-насихаттық қамтамасыз ету, мемлекеттік ішкі саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік органның насихаттық жұмысын бақылайды және үйлестіреді; мемлекеттік және басқа да тілдердің жұмыс істеуі, халықтардың тарихи және мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының дамуы бойынша мемлекеттік және қоғамдық органдардың,қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің қызметін үйлестіреді; әскери міндет пен әскери қызмет мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын қамтамсыз етеді және ұйымдастырады. Жер қатынастарын реттеу, жер нарығын құру мәселелерімен айналысады. Жерді пайдалану және жер учаскелерін беру мәселелері бойынша комиссияға жетекшілік етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (саясаттану); Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, санатыЕ-G-3, № 5-25).

Функционалдық міндеттері: Халықты әлеуметтік қорғау, бос жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту, ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоспарлайды, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, ауылды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану) немесе «білім» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жайдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (әлеуметтік жұмыс) немесе «білім» мамандықтары бойынша немесе «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (әлеуметтану, саясаттану) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММбас маманы (1 бірлік, санаты Е-G-3, № 6-5).

Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының құқық мәселелері жөніндегі жұмысын жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша іс қағаздарын жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша есептілікті ұсынады және құрастырады (ОЛ-1), мемлекеттік жастар саясаты, ішкі саясат мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралардың өтуін ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары«құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану).Практикалық іс тәжірибесі болған жайдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану)білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

4. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММбас маманы (1 бірлік, № 10-14, санатыЕ-G-3).

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жоспарлайды, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы бойынша, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, анықтамалық-ақпараттық мәліметтерді, ауыл шаруашылығы саласы бойынша статистикалық есептерді дайындайды; «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді, карантин немесе шектеу іс-шараларын қою туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындайды, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою бойынша жұмысты жүргізеді, елді мекендерді жарықтандыру және көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша. Практикалық іс тәжірибесі болған жайдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «экономика және басқару» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «ауыл шаруашылығы» мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отрысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік органның басшылығының келісімімен, конкурстық комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»