100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Хабарландырулар

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға Бұқар жырау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшін: Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
       Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;    

            Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы (теңге)
Санаты Қызмет өткерген жылдарына байланысты
лауазымдық еңбекақысы
бастап Дейін
Е-3 102437 138248

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хана көшесі, 39 үй, анықтама телефоны 8(72154) 22171, электрондық пошта: a.temirzhanov@karaganda-region.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданыны әкімі аппараты» ММ ақпараттық технология мен қауіпсіздік, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы   (1 бірлік, санаты Е-3,   № 14-1).
Функционалдық міндеттері: Аналитикалық ақпаратты жүйе бойынша, ақпараттық технологиялардың ілесуі және енгізуі бойынша жұмысты жүзеге асырады, ауданның жергілікті атқару органдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. «Электронды» әкімдіктің жұмысын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады. Ауданның жергілікті атқарушы органдарында және қызмет көрсету саласындағы заңнамаларды сақтау бойынша ведомстволық бағынышты ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі бақылау жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік одағымен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Жоғарғы мемлекеттік органдарға және жоғарғы тұрған басшыға осы мәселе бойынша аналитикалық және статистикалық ақпарат дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – Жоғары ««техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамсыздандыру); Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
2.«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданыны әкімі аппараты» ММ бақылау және инспекциялық қызмет бөлімінің басшысы   (1 бірлік, санаты Е-3,   № 15-1).
Функционалдық міндеттері: ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, облыс әкімдігінің, аудан әкімінің тапсырмаларын, олардың орындалуын бақылайды және ауданның жергілікті атқарушы органдарының тапсырманы орындау есебін жүргізеді. Жоғарғы мемлекеттік органдар мен аудан әкіміне ауданның жергілікті атқарушы органдарына берілген тапсырмалардың орындалуы туралы аналитикалық анықтама және ай сайынғы статистикалық есепті құрайды. Жоғарғы мемлекеттік органдарының және аудан әкімінің тапсырмалары мен актілерінің орындалуы бойынша ауыл, ауылдық округтер және кент әкімдері аппаратының қызметін тексеруді ұйымдастырумен байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асырады. Аудан әкіміні өткізген әкімдік отырысының, жиналысының және басқа да шаралардың хаттамасын құрастырады және техникалық дайындығын жүзеге асырады. Ауданның жергілікті атқарушы органдардың қызметі бойынша мониторингінің жинағын жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының мемлекеттік және басқа марапаттарымен байланысты жұмыс кешенін орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясын: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені________________________________________________________                                     бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
   Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________                                                                                                          
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ 
__________________________________________________________________ 
________    ____________________________________
(қолы)   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Вернуться к списку статей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»