home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-3 санаты үшін:  Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; немесе жоғары  және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
Е-R-3 санаты үшiн: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; немесе жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе ғылыми дәрежесінің болуы.
E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
E-R-5 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №58 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтардағы №10080 болып тіркелген. 

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

 

max

min

Е-3

  78798

106345

E-R-3

       74 313

      99939

E-R-4

       56376

      76235

E-R-5

  49969

67907

  
«Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ (100400,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39, анықтама телефоны: 8(72154) 22171, электрондық пошта: bjr­[email protected])   мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.
1. «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қорғау және ТЖ бойынша аудан әкімінің бас инспекторы (1 бірлік, №11-1, Е-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің аппараты өткізетін іс-шаралардың дайындығына және өтуіне қатысады, қызметтік құжаттарды дайындайды; бейбіт және соғыс уақытына азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;  қауіп жағдайында және төтенше жағдайлар туындаған кезде тұрғындарды оқытуға бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; азаматтық қорғаныс мүлкінің  әзірлігін қолдау және жинау, сақтау, жаңарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды және көлемін анықтайды, тасқын кезеңінің өтуі бойынша жұмысты ұйымдастырады, қауіп жағдайында және төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл шешім қабылдайды және аудан аумағындағы жағдайға тұрақты жедел бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастырады, жұмылдыру  дайындығы бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
2. «Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №1-1, E-R-4  санаты).
Функционалдық міндеттері: Спорт түрлерінен, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерінен, мүгедек спортшылар арасында жарыстардан, басы байлы клубтар, оқу орындары арасында спартакиадалар мен матчтық кездесулер, спорт жарыстарын, чемпионаттарды, кубоктарды, біріншіліктерді өткізеді; спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді; аудандық мамандандырылған спорттық оқу орындарының, спорттық ұйымдардың, дене шынықтыру және спорт саласында қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіреді, өзара іс-қимылды жүзеге асырады және оларға әдістемелік көмек көрсетеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – дене шынықтыру және спорт немесе бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мамандықтары бойынша педагогикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңдарын,  Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
3. «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жетекші маманы (1 бірлік, №1-3, E-R -5 санаты).      
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің кіріс және шығыс корреспонденцияның тіркелуін жүзеге асырады; бақыланатын және орындалған құжаттардың тізімін құрайды; «Электронды құжат айналымы» бағдарламасының жұмысын қамтамасыз етеді; аппарат жиналыстарында және бөлім жанындағы басқа да іс-шараларды өткізуде және дайындауда қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді және олардың уақытында орындалуын жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – заңгерлік немесе мұрағаттану, құжаттандыру және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша;   Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы», «Электрондық құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы» Заңдарын, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Үлгілік ережелерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
4. «Бұқар жырау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маманы (1 бірлік, №1, E-R-4 санаты).        
Функционалдық міндеттері: 
Аудан аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясаты туралы заңнама нормасын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; ауданның елді мекендерінің құрылыс салу бас жоспарларын өңдейді, ауданның мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүргізілуін қамтамасыз етеді, құрылыс салу бас жоспарларын өңдеуге сатып алу жұмысы бойынша конкурс өткізуге  құжаттаманы дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – сәулет мамандығы бойынша немесе құрылыс мамандығы бойынша техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
5. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мал шаруашылығы, экономикалық талдау және жобалау секторының меңгерушісі (1 бірлік, №2-1, E-R-3 санаты)
Функционалдық міндеттері:
Мал шаруашылығы саласында қарқынды технологияны енгізу мәселелері бойынша бөлімнің қызметін қамтамасыз етеді, ұзақ және қысқа мерзімді перспективаға мал шаруашылығы саласын дамыту болжамдарын құрастырады, аудан аумағында ауыл шаруашылығы өндірісінде субсидиялардың тиімді пайдаланылуын бақылайды, ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.  
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – зоотехния, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы мамандықтары бойынша ауылшаруашылық немесе экономикалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;  құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»