100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Анағұрлым жеңілірек несиелер үшін Қарағанды облысында аймақтық шағын несиелік ұйым құрылды

Қарағанды облысының әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста аймағымызда Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы қалай жүзеге асырылып жатқаны талқыланды. Кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалық жарияланды – облыста несие алуды жеңілдететін шағын несиелік ұйым құрылды.
- 19 қазанда Қарағанды облысында «Atameken-Qaragandy» ЖШС шағын несиелеу ұйымы құрылды. Оның үйлестірушісі Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы (51%) және облыс әкімдігінен «Сарыарқа» ӘКК (49%) болады. Қазіргі таңда Ұлттық банкпен несиелеуге лицензия алу мәселесі талқыланып жатыр. Жалпы алғанда ол кәсіпкерлерге шағын несие алуды қолжетімді етуге септігін тигізеді, - деді Кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева.
Бірінші кезекте қодау шағын қалалар мен шалғайдағы аудандардың кәсіпкерлеріне көрсетіледі.
Шағын несиелік ұйымды тіркеу шамамен бір апта уақытты қажет етеді. Сонан соң ол бірден іске кірісетін болады.
Бұған қоса облыс әкімі банктермен және Аграрлық несиелік корпорациямен шағын несиелеуге қатысты жұмыстарды жалғастыруды тасырды.
2018-ші жылы Қарағанды облысында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазір екінші деңгейлі банктерде 78 жобадан құралған портфель бар. 16 несие берілді, тағы 9-ы құпталған. 53 жоба қарастырылу барысында.

 

Вернуться к списку новостей

Бейнелеу өнері мұражайына музыкалық комедия театрының тарихынан сыр шертетін бірегей жәдігерлер қойылды 24 Қазан 13:35
Қарағанды облысында 11 жаңа спорт орталықтары пайда болады 24 Қазан 12:52
«Шабыт» фестиваліне қатысуға өтінім қабылдау жарияланды 23 Қазан 16:34
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»