100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

«Шұбаркөл көмір» АҚ 2019-шы жылы көмір өндірісін 2 млн тоннаға дейін көтеруді жоспарлап отыр

Қарағанды облысында «Шұбаркөл көмір» АҚ 2019-шы жылы көмір өндіру көлемін 13,7 млн тоннаға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Ол өткен жылмен салыстырғанда 2 млн тоннаға дейін көбірек.
Кәсіпорын көмір түсіруді жақсарту үшін теміржол паркін кеңейтпек. Компания ақпаратынша, бұл мақсаттарға 2,7 млрд теңге бағытталған. 2019-шы жылғы инвестициялық бағдарлма шеңберінде ресейде өндірілген үш жаңа локомотив сатып алынды.
Аталмыш техника анағұрлым жоғары тартымдылық күшіне ие. Жәнеде бұл тепловоздар қоршаған ортаға аз зиян келтіреді.
- Олар еңбек қауіпсіздігі және қорғауы саласындағы барлық заманауи талаптарға сай келеді. Бұл сенімді құрылғы бізге алға қойған мақсаттарымызды жүзеге асыруға көмектеседі, - деп мәлімдеді «Шұбаркөл көмір» АҚ теміржол цехінің бастығы Вячеслав Бортвин.
«Шұбаркөл көмір» – ашық әдіспен көмір шығаратын Еуразиялық Топ құрамына (ERG) кіретін компания. Кәсіпорын ірі көмір жеткізуші өндіріс ошақтарының бірі. «Шұбаркөл көмір» сонымен қатар арнайы кокс және кокс газынан шығарылатын электр қуатын өндіреді.
«Шұбаркөл көмір» АҚ бапасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша
 

Вернуться к списку новостей

«Астана Балет» алғаш рет Қарағандыда әлемдік балет жауһарларын көрсетпекші 28 Қаңтар 12:07
Қарағандылықтарды Хабиболла Сетековтың авторлық кешіне шақырады 28 Қаңтар 10:40
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»