100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханада Франция аптасы өтіп жатыр

27-ші қаңтарға дейін Гоголоь атындағы Қарағанды облыстық кітапханада Франция аптасы өтеді. Келушілер көрмені тамашалап, викторина, бейнеконференцияға және француз тілінің байқау сабағына қатыса алады.

Франция аптасы Қарағандыдағы Француз альянсының қолдауымен ЮНЕСКО жариялаған «Халықаралық тілдер жылы» шеңберінде ұйымдастырылды.
«Франция: ел, халық, дәстүрлер» бағдарламасына бірнеше шаралар енгізілді.
Осылайша, 23 қаңтарда «L’art de France» көрмесі өтеді, оны 12.00-ден 18.00-ге дейін тмашалауға болады. Сонан соң кітапханада Француз Альянсының Франция өнері және әлемдік көркемөнер мәдениеті туралы викторина басталады.
24 қаңтар 13.00-де Францияда тұрып жатқан қарағандылықтармен бейнеконференция өтеді. Сонымен қатар Француз Альянсының жетекшісі Екатерина Фирсованың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
25 қаңтар 15.30-да барлық ниет білдірушілер үшін байқау сабағы өтеді.
Барлық шараларға кіру тегін. Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы білуге болады: 56-76-55.
 

Вернуться к списку новостей

«Астана Балет» алғаш рет Қарағандыда әлемдік балет жауһарларын көрсетпекші 28 Қаңтар 12:07
Қарағандылықтарды Хабиболла Сетековтың авторлық кешіне шақырады 28 Қаңтар 10:40
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»