100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысының кәсіпорындары әлеуметтік қамсыздандыруға 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлуді жоспарлап отыр

Жезқазғанда өткен жиында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы сөз қозғалды. Жиын үкіметтік топтың Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өтті.
Жұмыс тобын басқарған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға облыстың ірі кәсіпорындары қандай әлеуметтік міндеттерді орындап жатқандығы туралы баяндалды.
2008 жылы Жезқазғанда бизнестің әлеуметтік жауапкершлігінің бірінші Форумы өткенді. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев осы тақырыпты алғаш рет қозғады және еліміздегі кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігін құру бойынша тапсырмалар берді.
-Егер 15-20 жыл бұрын мемлекет шағын бизнеске аяғынан тұруға көмектессе, қазір керісінше бизнес мемлекет пен қоғамға көмектесуде. Кәсіпкерлердің инвестициялары өңірлердің әлеуметтік дамуына әсер ете бастады. Бұған Елбасының сол кездегі шешемі ықпал етті. Дәл осында, Жезқазғанда он жыл бұрын біздің Тұңғыш Президентіміз бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы мәселені көтерді. Ол кезде Бердібек Мәшпекұлы сол форумның бастамашысы болды, міндеттер мен алғашқы меморандумдардың орындалуын қадағалап, бақылады, алғашқы ұжымдық келісімшарттардың жасалуына ықпал етті, - деді жиында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.
Облыста бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне, демеушілікке және қайырымдылыққа баса назар аударылады. Биыл әлеуметтік жобалар бойынша ірі компаниялармен 48 меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Осы мақсаттар үшін үш миллиардқа жуық теңге қарастырылған.
- Бизнес өкілдері және жұмыс берушілермен бірге біздің басты мақсатымыз – жұмысшылар алдында жалақы бойынша қарыздарға жол бермеу. Екінші мәселе – бұл біртіндеп жалақыны арттыру. Тағы бір маңызды мәселе – еңбек қауіпсізді. Жезқазған өңірінде ірі кәсіпорындар орналасқан. Оларда қызметкерлер үшін лайықты еңбек шарттарын құру қажет. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Жезқазған үшін аса маңызды, себебі, қазір мемлекет әлеуметтік мәселелерге, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлуде. Алдағы үш жылда әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларға 2,3 млрд теңге бөлінеді. Біз бизнестің бізге қосылатынына сенімдіміз, және бірлесе біз көмекке мұқтаж жандарды қолдаймыз деп сенеміз, - деп атап өтті жиында Гүлшара Әбдіқалықова.
Бердібек Сапарбаев өңірдің ірі кәсіпорындарын әлеуметтік жауапкершілікке шақырды. Оның құрамына жұмыскердің барлық құқын сақтаумен ұжымдық келісімшарттар жасау енеді. Жұмыссыздықты болдырмау үшін өндіріс орындарында жұмыс орнын сақтап қалу. Жәнеде көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатындағы қайырымдылық жобалар.
- Біз еліміз бойынша 1000 астам ірі кәсіпорындарды зерттедік. Оларда қанша көпбалалы қызметкерлер бар және олардың қаншасында баспана жоқтығын анықтадық. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралды. Біз кәсіпорындардан осы қызметкерлерді бірінші кезекте баспанамен қамтамасыз етуді сұраймыз. Және де бала күтіміне байланысты үйде отырған көпбалалы қызметкерлерді, мүгедек балаларды асырап отырған аналарды қолдауды сұраймыз.
Өңірдің шағын және орта бизнес өкілдері жыл сайын көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне 100 млн.теңгеге жуық қаржыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді.
Сонымен қатар демеушілер мен меценаттарда әлеуметтік бастаманы қолдайды. Олардың көмегінің арқасында соңғы екі айда 10 әлеуметтік аз қамтылған отбасы баспаналы болды.
Қарағанды облысы – үкіметтік топ жұмыс сапарымен келген 12 өңір.


 

Вернуться к списку новостей

Профессор Хайролла Нұрмұқановтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияда тіл білімі мәселелері талқыланды 19 Сәуір 15:32
Қарағандылықтар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта жиі ала бастады 19 Сәуір 14:14
ҚарМУ-де ҚР президенттік институттың 30 жылдығына арналған конференция өтті 19 Сәуір 14:10
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»