100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Үкіметтік топ мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысындағы жұмыстарын жалғастырды. 

- Біздің үкіметтік топ еліміздің барлық облыстарын аралап шығады. Біз тұрғындарға «Әлеуметтік Қамқорлық» бағдарламасы туралы айтатын боламыз. Ол ең алдымен аз қамтылған отбасыларды қолдауды қамтиды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтердің сапасына да ерекше назар аударамыз. Сонымен қатар басқа да маңызды тақырыптар – өңірлерді дамыту, жолдарды жақсарту және салу, ауыз сумен қамтамасыз ету туралы баяндайтын боламыз, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәртібін түсіндіріп, жәрдемақы мөлшері қалай көбейгенін айтты. Биыл өңірде 393 отбасы пәтер алады. Олардың 159-ы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» жылдық мөлшерлемесі 2%-бен несие арқылы тұрғын үй ала алады. Облыстық бюджетте көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй сертификаттарына бір миллиард теңге қарастырылған.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық қызмет сапасына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, мамандардың тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып отыр. Бұған себеп - жас дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігі. Ең төменгі жалақыны көтеру арқасында жыл басынан бері 225 мың медицина қызметкерлері бұрыңғысынан көбірек айлық алады.
Білім министрі Күләш Шәмшидинова болса мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқу бағдарламасының өзектілігіне тоқталды.
- Қазір жаңа мамандықтар 2-3 жыл сайын пайда болады. Сондықтан бізге өзекті және қажетті мамандықтар бойынша мамандар дайындау маңызды. Ол үшін біз «180 озық колледж, 20 озық ЖОО» бағдарламасын әзірледік. Осы оқу орындарының және 100 жетекші мамандықтың тізімдері айқындалатын болады. Республикалық бюджетте осы жобаны қолдауға 8 миллиард теңге қарастырылған: колледждерді жабдықтау, оқу бағдарламаларын әзірлеу, Оқытушыларды оқыту және т.б., - деп мәлімдеді Күләш Шамшидинова.
Ол сондай-ақ Қарағанды техникалық-құрылыс колледжін де атап өтті. Білім министрі оқу орнында әзірлейтін және қолданатын құрал-жабдықтар мен әдістемелерге көңілі толғанын жеткізді.
Кездесу соңында қала тұрғындары министрлерге сұрақтарын қойды. Жергілікті халықты тұрғын үй алу мүмкіндіктері, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыздарға арналған білім беру бағдарламаларына қатысты ақпарат қызықтырды.

 


 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»