100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Профессор Хайролла Нұрмұқановтың 90 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияда тіл білімі мәселелері талқыланды

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де «Сөз және шеберлік» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Шара филология ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Нұрмұқановтың 90 жылдық мерейтойына арналды.

Конференцияға белгілі қазақстандық ғалымдар, оқытушылар, журналистер, студенттер мен магистранттар қатысты. Қатысушылар Қазақстанның түрлі аймақтарынан - Орал, Түркістан, Алматы, Көкшетау, Ақтөбе және Нұр Сұлтан келді. Конференция екі күн бойы жалғасады. 19 сәуірде алқалы отырыс өтті, ал келесі күні семинарлар жүргізіледі.
Қатысушылар түрлі тақырыптарды қарастыратын болады. Оның ішінде синхронды-диахронды зерттеу, қазақ әдебиетін зерттеу, тіл мен әдебиетті оқытудағы инновациялар мен әдет-ғұрыптар, медиадискурс және тіл мәдениеті, латын графикасына көшу, тілдік білім берудің жаңа бағыттары секілді тақырыптар бар.
Конференцияның ашылуында қонақтар профессор Х. М. Нұрмұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетін зерттеудегі еңбектері туралы баяндама жасады.
- Конференция атауы кездейсоқ таңдалмаған. Хайролла Нұрмұхановтың ғылыми еңбектерінің бірі «Сөз және шеберлік» деп аталады. Ол қазақ тілінің стилистикасын жете зерттеген алғашқы адамдардың бірі. Ғалым сөз құрудан сөйлеу мәдениетіне дейін барлық бағыттарды зерттеді, - дейді Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Бердібай Шалабай.
Конференцияның ашылуында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ өкілдеріне конференцияны ұйымдастырушылар ретінде Парламент Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамырай және ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан құттықтау хаттар табыс етілді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»