100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында «Ұрпақтар естелігі» акциясы өтуде

Қарағанды облысы «Ұрпақтар естелігі» республикалық акциясына қолдау көрсетті. Өңіріміздің қалалары мен аудандарында 20 сәуірде Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштерді, мемориалдар мен мүсіндерді, сондай-ақ батырлардың есімдері берілген көшелер мен даңғылдарды абаттандыру және тазалау жұмыстары басталды.
Акцияға Nur Otan партиясы филиалдарының, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар ұйымының белсенділері, қалалар мен аудандардың белсенді тұрғындары қатысты.
«Ұрпақтар естелігі» акциясының бірінші күнінде облыстың қалалары мен аудандарында шараға 300 адам қатысты. Олар 23 ескерткіштер мен олардың маңындағы аумақтарды ретке келтірді.
Қарағанды облысында 171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші бар. Оның ішінде: мемориалдық кешендер-12, бауырлас зираттар-1, Жауынгерлік Даңқ ескерткіштері – 39, Жауынгерлік Даңқ обелисктері - 91, батырлардың бюстері – 4, стелалар – 4, мемориалдық тақта – 13, естелік тақта – 7. 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»