100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спартакиада басталды

Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін мүмкіндігі шектеулі жандар арасындаспартакиада басталды. 16 команда спорттың бес түрі бойынша жарысады.
Аталмыш жарыс Қарағандыда осымен төртінші рет өтіп жатыр. Биыл оларға облыстың сегіз қаласы мен сегіз ауданынан жүзден астам спортшы келіп қатысады. Олар жеңіл атлетика, үстел теннисі, дойбы, тоғыз құмалақ және мини-футбол секілді спорттың бес түрі бойынша бақ сынасады.
- Осы спартакиаданың жеңімпаздары биылғы жылдың қыркүйек айында Ақтөбеде өтетін қазақстандық паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алады. Біздің облысты ол додада жеті спорт түрі бойынша 70 мүмкіндігі шектеулі спортшы таныстырады, - деді облыстық мүгедектер спорты бойынша мамандандырылған мектеп басшысының орынбасары Жанат Жұмабеков.
Жарыс екі күнге созылады. Жеңімпаздарды марапаттау 17 мамырда өтеді.
Қарағандылық спортшылар 2020 жылы өтетін Дүниежүзілік Паралимпиадалық ойындарына қатысу құқығы үшін күресті бастады. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған басты сайысқа қатысуға лицензияны жүзушілер Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев және Әлия Рахимбекова алды.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»