100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Ерлан Қошанов Шахтинскідегі емхананың жөндеу жұмыстары барысымен танысып қайтты

Қарағанды облысы әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қошанов Шахтинск емханасында болып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ғимаратты ретке келтіру 2018 жылдың қыркүйек айында басталған болатын.

Емханада едендер, шатыр жабыны, терезелер мен есіктер ауыстырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және жаңа лифт орнатылды.
- Ғимарат 1977 жылы салынған. Осы уақыт ішінде мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Лифт ескі болды, тек бірінші және үшінші қабатта тоқтады. Бұл өте ыңғайсыз болатын. Әрине, қазір барлығы дәрігерлер үшін де, емделушілер үшін де ыңғайлы болды, - дейді емхана директорының орынбасары Шолпан Бейсембаева.
Жөндеу жұмыстарының арқасында ғимараттың пайдалы алаңы ұлғайтылды. Барлық шаруашылық үй-жайлары төменгі қабатқа ауыстырылды. Бұл жоғары қабаттардағы емделушілерге арналған кабинеттерді босатуға мүмкіндік берді.
Осы жылдың 1 тамызына дейін жөндеу жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.
Емханада Шахтинск және жақын маңайдағы кенттердің 59 мың тұрғыны тіркелген.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»