100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда үздік денсаулық сақтау қызметкерлері марапатталды

Қарағандыда кәсіби мереке қарсаңында Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Оларға Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табыс етілді. Салтанатты рәсім К. Станиславский атындағы театр сахнасында өтті.
- Мен бүгін осы залда адамдардың денсаулығына қамқорлық жасауды таңдаған абзал жандардың арасында тұрғаныма өте қуаныштымын. Ең шынайы құттықтаулар мен тілектерді бүгін біз денсаулық сақтау ардагерлеріне де айтқымыз келеді. Сіздер бірегей Қарағанды мектебін құрдыңыздар. Сіздердің еңбектеріңізге, тәжірибелеріңізге баға жетпейді. Медицина университеті мен колледж қызметкерлеріне ерекше алғыс айтамыз. Сіздер барлық білімдеріңізбен шәкірттеріңізбен, болашақ дәрігерлермен, медбикелермен тәжірибе бөлісіп келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңызды xалық ұзақ жылдар бойы есте сақтасын дегім келеді, - деді Қарағанды облысы әкімінің м.а. Ерлан Қошанов мерекелік рәсімді аша отырып.
Ол сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемалар біртіндеп шешіліп келе жатқанын атап өтті. Ауруханалар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Денсаулық сақтау мекемелерінде озық ақпараттық технологиялар енгізіліп жатыр. Ал облыстың қалалары мен аудандарына жұмыс істеуге келген жас мамандар тұрғын үймен қамтамасыз етілуде.

Бірнеше номинацияда қарағандылық медиктерге облыс әкімінің сыйлығын олардың шетелдік әріптестері табыс етті.
Олардың бірі - кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы Лоайс Левано Уго Карлос-Перу тумасы, қазір Мәскеуде жұмыс істейтін анестезиолог-реаниматологтарға, неонатологтарға және педиатрларға арналған семинар-тренинг өткізу үшін Қарағандыға келген. Станиславский театрының сахнасында ол "Үздік педиатр", "Үздік акушер-гинеколог" және "Үздік хирург" номинациялары бойынша сыйлықтарды табыс етті.

Лауреаттарды құттықтауға медицина ғылымдарының докторы, №2 Қарағанды ауруханасында жұмыс істейтін польшалық дәрігер-кардиохирург Войцех Ежи қосылды. Сондай-ақ Гарвала медициналық университетінің профессоры (Үндістан) Рэнна Тивари болды. Ол 2018 жылдан бастап Қарағанды медицина университетінде сабақ береді.



Биыл облыс әкімі сыйлығының лауреаты атанғандар:

"Үздік терапевт" номинациясында — дәрігер кардиолог, "Жүрек" ЖШС кардиологиялық бөлімінің меңгерушісі Бақытбек Айтенов;

"Үздік жалпы тәжірибе дәрігері" — "Абай қаласының орталық ауруханасы" КМК жалпы тәжірибе дәрігері Галина Афанасьева;

"Үздік орта медицина қызметкері" — "Қарағанды қаласының №1 емханасы" КМК медбикесі Гүлден Абенова;

"Үздік акушер-гинеколог" — дәрігер акушер-гинеколог," облыстық перинаталдық орталық" КМК директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Александра Моторгина;

"Үздік педиатр" — дәрігер педиатр, "Теміртау қаласының көп бейінді ана мен бала орталығы" КМК балалар блогының жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Сергей Александров;

"Үздік хирург" — "Облыстық онкологиялық диспансері" КМК Торакалдық бөлімінің меңгерушісі Ерғали Шәуенов;

"Денсаулық сақтаудың үздік ұйымдастырушысы" - "Облыстық психоневрологиялық диспансер" КМК директоры Қайрат Әбдірахманов.

Лауреаттардың әрқайсысы 500 мың теңгеден алды.

Қарағанды облысы әкімінің "Мамандыққа адалдығы үшін" номинациясы бойынша бір миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйлығы "Ақтоғай ауданының орталық аудандық ауруханасы" КМК "Сарытерек" ДА жалпы тәжірибе дәрігері Амантай Әмірқұловқа берілді.

Терапевт, жалпы практика дәрігері Амантай Әмірқұлов емделушілерді 52 жыл бойы емдейді. Осы жылдар бойы ол Ақтоғай аудандық ауруханасында еңбек еткен. КСРО Денсаулық сақтау үздігі, "Құрмет" орденінің иегері және Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы. Амантай Әмірқұловтың екі ұлы әкесінің ісін жалғастырып, дәрігер болған. Үлкен ұлы хирург, кішісі – терапевт.

Мереке концертпен жалғасты. Қарағанды медиктеріне белгілі эстрада және опера әншілері: ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы, ресейлік "Голос. Дети" жобасының жеңімпазы Ержан Максим, Молдовадан келген флейташы Игорь Подгореану, Астана опера театрының солисі Меир Байнеш, I' m a singer Kazakhstan телешоу жеңімпазы Роман Ким және басқа да әртістер өнер көрсетті.



Қазақстанда медицина қызметкерлерінің күні жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Қарағанды облысы әкімінің Денсаулық сақтау қызметкерлеріне сыйлығы 2006 жылы тағайындалған болатын.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»