100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Саран қаласында Облыстық әйелдер спартакиадасы бастау алды

Бүгін Облыстық әйелдер спартакиадасы бастау алды. Барлық аудандардың өкілдері қатысқан мұндай жарыс Қарағанды өңірінде осымен тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Былтырғы жылы спартакиада Теміртауда болған еді, 2019 жылы спортшы қыздарды Саран қаласы қабылдап отыр.
Жарыс спорттың жеті түрінен: волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, дойбы, президенттік көпсайыс, стритбол және стол теннисінен екі күн бойы өтетін болады. Облыстық біріншілікте әр түрлі жастағы, әр түрлі мамандықтағы 400-ден астам әйел күш сынасады.
Мәселен, Теміртаудың командасы спорттың барлық түрінен өнер көрсетеді. Металлургтер қаласының құрамасында студенттер де, зейнеткерлер де, сол сияқты әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері де бар. Солардың бірі 70 жастағы дойбышы Татьяна Владиславовна Скоба:
- Менің бұл ойынмен айналысқаныма он жылдан асып кетті. Біздің мүгедектер қоғамымызда өзіміздің жаттығатын клубымыз бар. Біз белсенді өмір сүріп жатырмыз. Жарыстарға қатысамыз. Дойбы ойыны көңіл күйді көтереді, қарым-қатынасты, белсенді өмір сүруді ынталандырады және мыйдың жұмысын жақсартады. Бұл зейнет жасындағылар үшін аса маңызды. Біз әйелдер спартакиадасына бірінші рет қатысып отырған жоқпыз, бірінші орын және жүлделі орын алған кездеріміз де бар. Осы жолы да жақсы нәтижеден үміттіміз! Барлықтарыңызды спортпен айналысуға шақырамын!
- Спартакиадаларға кәсіби спортшылар қатыспайды, мұнда тек әуесқойлар ғана. 1999 жылға дейін туған барлық жастағы, барлық мамандықтағы, алдын ала дайындықтан өткен және дәрігердің рұқсаты бар әйелдер қатыса алады, - деп атап өтті Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Нұрлан Әшірбек. – Биылғы жылы әр түрлі қызметтегілер арасында – депуттаттар, мемлекеттік қызметшілер, мүгедектер, студенттер және басақалары арасында бірнеше спартакиада өткіздік. Спортпен айналысатын әйелдерді де ұмытқамыз жоқ. Олар дәстүрге айналып отырған осындай спартакиадаларға үлкен рахат сезіммен және беріле қатысады. Ешкімді де өзінің өңірі үшін спартакиадаға қатысуға мәжбүрлемейді. Әр өңірдің өкілдері өздерінің басын қосатын, жақсы көңіл-күй мен әсер сыйлайтын, салауатты өмір салтын насихаттайтын осындай біріншілікке қатысуға әрқашан асығып отырады.

 

Вернуться к списку новостей

Нұра ауданында жаңа дәрігерлік амбулаториясы ашылды 06 Шілде 13:31
Ақтоғай ауылында мемориалдық кешен ашылды 06 Шілде 13:29
Шет ауданында екі көп балалы отбасыға меценаттар баспана сыйлады 06 Шілде 13:25
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»