100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда әйелдер мен балаларға арналған емхана ашылады

Күзде Қарағандыда әйелдер мен балаларды емдейтін бірегей емхана ашылады. Жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, алайда медициналық мекемеге қазір тіркелуге болады.

Әйелдер консультациясы мен балалар емханасы бір ғимаратта орналасатын болады. Жобаны дайындап, іске асырып жатқан алматылық инвесторлар. Негіз ретінде Пришахтинсктегі Луначарский көшесі, 1 мекенжайындағы құрырыс алынды, ол жерде совет уақыты кезінде балалар емханасы болған. Ғимаратқа барлық қажетті техникалық сараптамалар жасалды, және де көктемнен бастап мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңа емханада 18 жасқа дейінгі балалар мен репродуктивті жастағы (18-49 жас аралығындағы) әйелдерді қабылдайтын болады. Инвесторлардың сөзінше, олар осы санаттағы науқастарды балалар мен ересектер өзара араласпау үшін әдейі таңдаған. Емханада орнатылатын жабдықтар барлық медициналық талаптарға сай, бұл заманауи лор-құрылғысы, физиотерапевтикалық комбайн, сарапшы санатындағы УДС.

-Бізде жоғары санатты мамандар жұмыс істейтін болады. Олар - балалар дәрігері, терапевтер, тіс дәрігерлері, лор-дәрігерлер, окулистер, хирургтар, невропатологтар мен геникологтар, және т.б.Олар қатаң сайыстық іріктеуден өтті,- дейді емхана директоры Марина Матвейчук.

-Инвесторлар бізге өткен жылы шықты,барлық қажетті құжаттарды ұсынды. Біз осындай әйелдер консультациясы мен балалар емханасының ашылуын қолдап, МЖӘ аясында келісім жасадық. Мемлекеттік тапсырыс аясында халыққа көрсетілетін барлық қызметтер тегін болады,-деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында.

Емхана 3 ауысым бойынша жұмыс істейді: таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін. Ол бір ауысымда 300 қабылдау арналған. Емхананы ашу жаз соңына жоспарлануда, алайда тіркелу басталып кетті, медициналық мекеме ауласында шатыр орнатылған, онда құжаттар қабылдануда. Тіркелу үшін жеке куәлік пен баланың туу туралы куәлігін әкелу керек. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап құжаттарды 22-ші шағынаудандағы "Корзина" супермаркетінің жанындағы алаңда тапсыруға болады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»