100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталады

Аталмыш тұрғын үй бағдарламасына келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:
1. 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар;
2. кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар;
3. мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

Бағдарламаның шарттары бойынша өтініш берушілер жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұруы тиіс.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:
- бастапқы жарна болуы керек. Яғни тұрғын үй құнының 10%.
- төлем қабілеттілігін растау.
- отбасының бір мүшесіне табыс сомасы 42 500 теңгеден аспауы тиіс.
Несиенің ең жоғары сомасы - 10 миллион теңге, 20 жылға дейін, жылдық мөлшерлеме 2%.

Жолдама беру үшін құжаттарды қабылдау 22 шілде мен 26 шілде аралығында Қарағанды қаласы, Магнитогорская көшесі, 19 мекенжайы бойынша жаңа Майқұдық МҮ ғимаратында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Назар аударыңыз! Банкке жолдама жіберу кезінде азаматтардың жергілікті атқарушы органдарда баспанаға кезекте тұрғаны ескерілетін болады.

 

Шілденің 22-нен 26-на дейінгі аралықта «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдайтын пункттердің мекенжайлары

(Жұмыс уақыты 09.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін).

 

Қарағанды қ. Магнитогорск к-сі 19, МҮ ғимараты (Майқұдық)
Балқаш қ. Уәлиханов к-сі 5, каб.10
Жезқазған қ. Алашахан к-сі 1
Қаражал қ. Сайдалы Сары Тоқа к-сі 1, каб.1
Саран қ. Жамбыл к-сі 65
Сәтпаев қ. Сәтпаев к-сі 108, каб.13
Теміртау қ. Тәуелсіздік гүлзары 9, каб.314
Шахтинск қ. Қазақстан к-сі 101
Абай ауданы, Абай қ., Абай к-сі 26
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай а., Бөкейхан к-сі 4
Бұқар жырау ауданы, Ботақара к., Бұқар Жырау к-сі, 56а
Жаңаарқа ауданы, Атасу к., Тәуелсіздік 1,
Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қ., Әлихан Бөкейхан к-сі 55
Нұра ауданы, Нұра к., Талжанов к-сі 5а
Осакаров ауданы, Осакаров к., Достық 33
Ұлытау ауданы, Ұлытау к., Абай к-сі 22, каб.3, ҚазПошта ғимараты
Шет ауданы, Ақсу-Аюлы к., Шортанбай к-сі 24

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»