100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Шұбаркөл тұрғындары облыс әкіміне кенттегі проблемалар туралы айтты

Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Қарағанды облысының Шұбаркөл кентінде болып қайтты. Онда өңір басшысы жергілікті қазандықты, мектеп пен аурухананы аралап шықты. Сондай-ақ, тұрғындармен кездесті.

Ауыл тұрғындары бірнеше коммуналдық тақырыптарды және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелерін қозғады. Әкім атап өткендей, көп балалы аналар аудан орталығындағы қысқа мерзімді курстарда әр түрлі мамандықтарды игере алады. Ал оқудан кейін барлығына міндетті түрде жұмыс табуға көмектеседі.

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек масылдық көңіл-күйге себеп болмауы керек деп атап өтті.

- Әр адамның жауапкершілігі болуы керек. Егер ол жоқ болса, онда мемлекет оны жауапкершілікке қалай тәрбиелей алады? Егер, мысалы, адам ішімдік ішетін болса, тек осы себеппен жұмыс істемесе, онда ол кез-келген көмекті де жоғалтады, - деді әкім.

Тағы бір проблемалы мәселе жолдардың жағдайына қатысты болды. Шұбаркөлдіктер екі көшені жөндеуден өткізуді сұрады.

- Біз бәрін есептейміз және бұл мәселені қарастырамыз. Мүмкін болса, жөндеу жұмыстарын бюджеттен қаржыландырамыз, - деді Ерлан Қошанов.

Қазіргі таңда Нұра аудан орталығынан Шұбаркөл кентіне дейінгі жолды жөндеу мәселесі шешілді. Облыс әкімі ауыл тұрғындарына осы бағыттарға биылғы жылы бюджеттен қаржы бөлінгенін хабарлады. Және кезең-кезеңмен, үш жыл ішінде жол жөнделетінін жеткізді.

Сондай-ақ тұрғындар қоқыс шығару мәселесін шешуді сұрады. Кентте тұрмыстық қалдықтарды шығаратын контейнерлер мен машиналар жетіспейді. Ерлан Қошанов жергілікті билікке бұл мәселені дереу шешуді тапсырды. 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»