100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарқаралы ауданында Нүркен Әбдіровтың мерейтойы атап өтілді

Қарқаралы ауданында Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың 100 жылдығына орай үлкен той ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара батырдың туған жері - Қарқаралы ауданының Нүркен ауылында өтті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қатысты.
Батырдың мерейтойы балалар және спорт алаңдарымен ауыл ішілік көпірдің ашылуымен басталды. Қонақтар Нүркен Әбдіровтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, митингке қатысты. Облыс әкімінің құттықтауын оның орынбасары Серік Шайдаров оқыды. Ол батырдың ерлігі мен бүгінгі өскелең ұрпаққа тамаша үлгі екенін атап өтті.
Сонымен қатар өз жылы лебіздерін: Қарағанды облысының прокуроры Мейрам Сексенбаев, батырдың інісі Әукен Әубәкіров, бөлесі Сағадат Дүйсебеков, ҚР әуе қорғаныс күштері бас қолбасшысының орынбасары Евгений Подгайский, Нүркен Әбдіров ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңіс Көпжасар білдірді. Нүркен Әбдіров атындағы авиаполктың жеке құрамы сап түзеп өтіп, батырдың рухына құрмет көрсетті. Сондай-ақ жиналған халық авиаполк ұшқыштарының әуедегі көріністерін тамашалады.
Жиналған жұрт киіз үйлер тігілген той алаңында "Қыран қазақ" қойылымын тамашалап, жергілікті және облыстық әртістердің қатысуымен концертті көрді.
Мерейтой қазақ күресі, қой көтеру, гір тасын көтеру, топ және аламан бәйгеге ұласты.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»