100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысы Долинкадағы мұражайда қуғын-сүргінге түскен литвалықтар туралы көрме ашылды

Қарағанды облысы Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында «Литвалықтар Қазақстанда» атты көрме ашылды. Сталиндік террордың қайғылы тарихы туралы баяндайтын экспозиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
- Біздің еліміз депортацияланған литвалықтардың өмірінде үлкен рөл атқарды. Қазақстан Литваның қуғын-сүргінге ұшыраған тұрғындарының саны бойынша Ресейден кейін екінші орында тұр. Мұнда 50 мыңға жуық этникалық литвалықтар болған. Қазақ даласына өз еркінен тыс жер аударып келген адамдар жергілікті халықпен көрші болып өмір сүрді және бірге еңбек етті. Қазақтар оларға ауыр жағдайда көмектесіп, өмір қиындықтарына төтеп беруге жәрдемдесті. Ал литвалықтар өз кезегінде жақсы ұста болды, саздан жасалған ыдыс-аяқ және ағаштан жасалған бұйымдар жасай алды, сол арқылы халықтардың мәдениетін өзара байыта білді, - деп атап өтті мұражай қорының бас сақтаушысы Марина Клышникова.
Көрмеде 40-50 жылдардағы тарихи құжаттар, фотосуреттер, тұрмыстық заттар жинақталған. Экспозиция материалдарынан литвалықтар қандай лагерлерде және қайда жұмыс істейтінін білуге болады. Қарағанды облысы бойынша ату жазасына қиылған литвалықтардың тізімі, мұрағаттық істердің көшірмелері, лагерлердегі қамаудағылардың құрамы мен қозғалысы, арнайы қоныс аударушылардың саны және т. б. туралы анықтамалар ұсынылған. Сонымен қатар АЛЖИР лагерінде жазасын өтеген литва ұлтының өкілдеріне арналған стенд орнатылды.
Қуғын-сүргін қасіреті нақты адамдардың тағдыры арқылы да берілді. Экспозицияда Теміртау лагерлік бөлімінде жасалған Адамис Адамонистің өлімі туралы құжаттар; Спасск бөлімшесінің сотталушысы, әскери тұтқындалған Отто Спогаттың карточкалары бар.
Мұражай қорынан арнайы қоныс аударушылардың чемодандары, католиктік Христос керілген крест, қамаудағылардың ыдыстары мен киімдері ұсынылған.
Бүгінде Қазақстанда 7 мыңнан астам литвалықтар тұрады, оның 2 500-і Қарағанды облысында.
«Қазақстандағы литвалықтар» көрмесі 2019 жылдың 19 тамызына дейін жалғасады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»