100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Мемлекет басшысы Ұлытауда туризмді дамыту бойынша тапсырма берді

Қарағанды облысында Jezkiik фестивалінің шеңберінде Ұлытауда туризмді дамыту әлеуеті мен проблемаларын талқылауға арналған туристік форум өтті. Шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Форумға қатысушылар қатарында Қазақстан, Германия, Моңғолия, Түркия және Қырғызстаннан келген туроператорлар болды. Олардың барлығы Ұлытау Қазақстанның басқа да киелі орындары секілді туристік бизнесті дамытуда зор әлеуетке ие деген пікірмен келісіп отыр. Сол мүмкіндіктерді барынша жылдам және сапалы түрде жүзеге асыру үшін Мемлекет Басшысы бірқатар тапсырмалар берді.
- Қазірдің өзінде арнайы туризм университетін ашу туралы шешім қабылданды. Бізге дәл осы салада білікті мамандар даярлау керек. Сонымен қатар еліміз туралы барлық ақпарат жиналған туристерге арналған электронды платформа құру қажет.
Жанданып келе жатқан аудандардың барлығында қонақ үйлер мен тамақтану нысандарын салуға кәсіпкерлерді жұмылдыру керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шет елдік және отандық туристер үшін анағұрлым тартымды орындарға айналып, және де этно-туризмнің әлемдік орталығына айналатынын атап өтті. Елімізде қабылданған туризмді дамыту бойынша мақсатты бағдарлама елдегі жалпы ішкі өніміндегі осы саланың үлесін 8%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Келетін туристердің көлемі жылына 8 млн адамды құрайды.
Бұған қоса туризм саласында 650 мыңға дейін жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда.
Форумда сондай-ақ туристік бизнестің жаңа трендтері туралы да сөз қозғалды. Дүниежүзілік туристік ұйымның зерттеулеріне сүйенсек, бес жұлдызды жайлы қонақ үйлердегі демалыс қазіргі таңда өзектілігін жоғалтуда. Жылдан жылға жиһангездердің көбісі этно- және эко-туризмді таңдауда. Адамдар келген елдері туралы көбірек ақпарат алуды қалайды. Оның мәдениетін зерттеп, жергілікті xалықпен араласқысы келеді. Шет елдік туристерді Қазақстан аумағында Ұлы Жібек жолы өткені туралы деректер қызықтырады.
Форум қорытындысы ретінде "Қазақтуризм" ұлттық компаниясы мен Моңғолия, Германия және Швейцарлық "Инди гайд" компаниясы мен Қазақстан скаут қозғалысы ұйымының арасында орнатылған меморандумды айтуға болады. Бұл меморандумдар Моңғолия мен Қазақстан арқылы өтпелі турлар ұйымдастыруға, балалар-жасөспірімдер туризмін танымал етуге және осылайша Қазақстанға шет елдік туристерді тартуға мүмкіндік береді. 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»