100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Шекарасыз спорт: Қарағандыда ерекше адамдар арасында шағын футболдан турнир өтті

Қарағандыда психоневрологиялық интернат-үйлерінің тәрбиеленушілері арасында шағын футболдан Seni Cup республикалық чемпионаты өтті. Халықаралық лиганың пайда болу тарихы Польшада ойын өткізген кезде 1992 жылдан бастау алады. 2017 жылдан бастап мұндай чемпионаттар Қазақстанда да өткізіліп келеді.
«Жастар» спорт кешенінде 8 команда жиналды. Өз футболшыларын психоневрологиялық ауруларға арналған интернаттар мен ПДТ (психологиялық дамуы тежелген) тәрбиеленушілерге арналған мектеп-интернаттар ұсынды.
- Екі жыл бойы Алматыда чемпионат өткіздік. Биыл географияны кеңейтуді ұйғарып, алғаш рет Қарағандыда біріншілік ұйымдастырып отырмыз. Жеңген команда 18-19 қыркүйекте Алматыда өтетін республикалық чемпионатқа барады, - деді OASIS Group Distribution компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша менеджері Лаура Абжанова.
Жарыс екі жас санаты бойынша өткізілді: 16-21 жас (А тобы), 22 жас және одан жоғары (В тобы).
- Біз бұл чемпионаттың Қарағандыда өтіп жатқанына қуаныштымыз. Спорт шекараны кеңейтуде. Осындай бастамалар мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға кірігуіне ықпал етеді. Спорттық шеберліктеріңізді көрсетіп қана қоймай, жаңа достар табатындарыңызға сенімдімін, - деді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов қатысушыларды құттықтай керек.
Ол ерекше спортшыларға жеңіске ұмтылуды және өзіне сенімді болуды тіледі.
- Біздің командада алты ойыншы бар. Біз жаз бойы осы жарыстарға дайындалдық. Біздің командамыз өте тату. Мен бес жыл бойы футбол ойнаймын. Менің пір тұтар ойыншым - Месси, мен де танымал футболшы болғым келеді, - дейді Шахтинск командасының мүшесі Денис Савельев.
Чемпионатта А тобында бірінші орынды облыстық балалар үйінің командасы иеленді. В тобында Қарағанды қаласының № 1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің командасы жеңіске жетті. Олар Алматы біріншілігінде облыс намысын қорғайтын болады. Республикалық чемпионатта командалар 2020 жылғы Халықаралық турнирге Польшаға жолдамаға таласады.
Seni Cup – бұл ақыл-ой мүмкіндігі шектеулі психоневрологиялық интернаттардың тәрбиеленушілеріне арналған шағын футболдан ерекше спорттық турнир. Спорттық қозғалыс 1992 жылы футбол алаңына поляк балалары шыққан кезде басталды. Осы спорттық іс-шараны ұйымдастырушы және идеялық шабыттандырушы Торуньдық таңу материалдары зауыты болды.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»