100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда өтетін Халықаралық айтысқа Моңғолия, Қытай және Қырғызстаннан ақындар келіп айтысады

Қарағанды қаласында 18-19 қыркүйекте мемлекет қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына және Жастар жылына арналған халықаралық айтыс өтеді. Қазақстан мен басқа да елдердің ақындары С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.
Айтыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысы әкімдігі мен Nur Otan партиясының қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, шақыруға Қазақстанның басқа облыстарынан, Монғолиядан, ҚХР мен Қырғызстаннан келген ақындар үн қосты. Қарағанды облысының намысын Мақсат Аханов, Айтбай Жұмағұлов, Дидар Камиев және Төлеген Жаманов сынды белгілі ақындар қорғайды.
Айтыстың жүргізушісі – «Халықаралық айтыс және жыршы-термеші одағы» РҚБ басқармасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.
Қазылар алқасын Еңбек Ері, ҚР Халық әртісі, төраға Асанәлі Әшімов басқарады. Алқа құрамына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР халық ақыны Әсия Беркенова, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай және басқа да мәдениет қайраткерлері кірді.
Халықаралық айтыстың мақсаты – қазақ дәстүрлерін, әдебиет пен мәдениетті, ұлттық өнерді насихаттау, жастардың рухани дамуы.
Айтыстың басталуы 18.00. Кіру тегін.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»