100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылық музыканттар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша көшпелі концерттер береді

Қарағанды облысында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша екінші жыл қатарынан «Ұлы дала музыкасы» мәдени жобасы жүзеге асырылуда. Бастамаға облыстың ауылдары мен басқа да қалаларында өнер көрсететін Саран қаласының ұжымдары қолдау көрсетті.
Осындай көшпелі концерт «Жартас» шипажайында өтті. Демалушылар алдында «Мудрость» халық хоры, халық үрмелі оркестрі және эстрадалық-джаз тобы өнер көрсетті.
- Эстрадалық джаз ұжымында ардагерлер, жастар, Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің түлектері ойнайды. Кейбір қатысушылар мектепте оқиды. Топқа «Қыран» облыс әкімінің жастар сыйлығының лауреаты Ирина Борзых жетекшілік етеді. Ол валторна, кларнет, саксофон, труба сияқты аспаптарда ойнауға деген сүйіспеншілікті оятуға тырысады, - дейді «Россиянка» славян халықтарының этномәдени қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Юлия Яковлева.
Көрермендер музыканттарға тамаша концерт және демалыс кезінде жоғары өнермен жанасу мүмкіндігін сыйлағандары үшін алғыс айтты.
Осы жылы жобаға қатысушылар Қарабас және Шұбаркөл кенттеріндегі, Құрма ауылында көшпелі концерттермен болып қайтты. Бастамашылар тіпті ең шалғай және халық аз қоныстанған ауылдардың тұрғындарын музыкамен қуантуға дайын екендерін айтты. Келесі жылы Бұқар Жырау ауданының ауылдарын осындай бағдарламамен аралап шығу жоспарланған.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»