100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында «Бүкіл отбасымен кітапханаға» акциясы ұйымдастырылды

Нұра ауданының Байтуған ауылында кітапханашылар отбасымен бірге кітап оқу үрдісін қалыптастыруда. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша мұнда «Бүкіл отбасымен кітапханаға» акциясы өткізілді.
Кездесу бастамашылары адамның мәдени дамуы үйдегі тәрбиеге, отбасында туындайтын дәстүрге байланысты, деп атап өтті. Кітапханашылар аталмыш шараны Отбасы күні мерекесінде ұйымдастыруы да бекерден емес. Ауыл тұрғындары кезекпен оқу залына келіп отырды.
Келгендерге мерекенің тарихы туралы айтылды. Жиналғандар отбасылық байқаулар мен викториналарға қатысты. Балалар үлкендермен бірге жұмбақтар мен ребустар шешті. Ата-аналар балалармен бірге, ал әжелер немерелерімен қосылып, отбасы бірлігінің нышаны ретінде өз алақандарын суретке салып, онда тілектерін жазды. Шара соңында барлық қатысушылар өздерінің отбасы ағашын өсірді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»