100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

«Қазақмыс» мыс өндірісін арттырды

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС 2019 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысын шығарды. Компанияның ресми хабарлауы бойынша, катод баламасындағы мыс өндірісі 184,029 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 мың тоннаға (+5,3%) артық.
9 айдың қорытындысы бойынша кендегі мыстың орташа мөлшері 0,91%-ды құрады, бұл жоспарланғаннан 1,8%-ға жоғары.
«Қазақмыстың» байыту фабрикаларымен 22,8 млн тонна кен өңделіп, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға артты.
- Мыс бойынша біз өткен жылдың көрсеткіштерін және осы жылға жоспарланған көрсеткіштерді басып озамыз. Себебі – өткен жылдың соңында екінші рудотермиялық пешті ЖБЗ іске қосу болды. Біз геологиялық барлау жұмыстарын жалғастырудамыз: биылғы жылдан бастап Қазақмыс Мыс пен полиметалдар кен орындарын анықтауға арналған Бес перспективалы учаскеде барлау жүргізіп келеді. Сонымен қатар, біз кенді байытудың жаңа деңгейіне көшеміз. Бұл жаңа байыту фабрикасының құрылысы немесе жаңғырту болады, - деп түсіндірді Эдуард Огай, "Қазақмыс Холдинг" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.
«Қазақмыс Холдинг» ЖШС – табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу бойынша жетекші компания, Қазақстандағы ірі мыс өндіруші. Компания құрамында он үш кеніш, төрт кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты және екі көмір разрезі бар.
Холдинг кәсіпорындарында 38 000-ға жуық адам еңбек етеді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»