100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарқаралы ауданының Нүркен ауылында жергілікті мектептің 90 жылдығын атап өтті

Қарқаралы ауданы Нүркен ауылында №10 мектептің 90 жылдығы аталып өтті. Мерейтойды мерекелеу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.

1928 жылы Берікқара деп аталған ауданда Жарлыбойын елді мекенінде шаруа жастары мектебінің құрылысы басталды. Құрылысты Смет Сембаев деген жергілікті азамат басқарған. 1929 жылы мектеп Ақтерек, Қарақуыс, Түнқатар, Ақкісі елді мекендерінен алғашқы оқушыларды қабылдады.
Мектеп құрылған жылдары көптеген оқытушылар мемлекеттік марапаттар мен ерекшелік белгілерін алды. Олардың қатарында Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері, ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі Абзал Медеубаев, халық ағарту ісінің үздігі Көкімбай Аралбаев, Зинатулла Жолдасбаев, Тұрсын Наурызбаев бар. Мектептің 27 оқытушысы «ҚР Білім беру үздігі», екеуі «ҚР Білім беру саласының үздік қызметкерлері» төс белгілерімен марапатталды. Қазіргі мектеп директоры Қымбат Жиенқұлов «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің иегері. Үш оқытушы «Әдіскер ұстаз» атағын алды.
№10 орта мектеп өзінің 90 жылдық тарихында облыс пен республикаға танымал, білімді, дарынды түлектер тәрбиелеп шығарды. Олардың ішінде медицина ғылымдарының докторы, академик Бақыт Атшабаров, экономика ғылымдарының докторы Жансұлтан Дайырбеков, педагогика ғылымдарының докторы Қарлығаш Қадашева, тарих ғылымдарының докторы Мереке Төлекова бар. Мектеп бітірушілердің қатарында 4 экономика ғылымдарының кандидаты, 3 химия және педагогика ғылымдарының кандидаты, сондай-ақ медицина, тарих, филология, география ғылымдарының кандидаттары бар.

Әр жылдың түлектері өз мектебін мерейтойымен құттықтады. Олар балалар спорт алаңын жайластырып, мектеп ауласына ағаш отырғызды, кабинеттерді жабдықтады. Мектептің 90-жылдығын мерекелеу аясында оқушылар үшін қонақтармен кездесу ұйымдастырылды.
Басты мерекелік шара Нүркен ауылының Мәдениет үйінде өтті. Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов пен мектепті 27 жыл бойы басқарған Алмас Жаманқұлов, оқу ордасының түлектері мен оқытушылары құттықтау сөз сөйледі
- Біздің мектеп 1929 жылы құрылды, ал 1958 жылы жанында интернат ғимараты салынды. Қазір онда бірінші қабатта шеберхана орналасқан, ал екінші қабатта 40 бала айналысатын шағын орталық жұмыс істейді. 1960 жылы біздің мектепке батыр Нұркен Әбдіров есімі берілді. 1995 жылы Жеңістің 50 жылдығына және Нұркен Әбдіровтің 75 жылдығына орай мектепте тарихи-этнографиялық мұражай ашылды. Мектептен профессорлар, ғылым докторлары және ғалымдар түлеп шықты. Біздің түлектер оқуда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда жұмыс істейді. Біз оқушыларымызды мақтан тұтамыз. Мерейтойға олар демеушілермен бірге мектеп үшін көп жақсылық жасады, - деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Мүслімова.
Мерекелік салтанатта мұғалімдер Қарағанды облысының Білім басқармасы мен Қарқаралы ауданының білім бөлімі атынан төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»