100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Пара-армрестлингтен әлем чемпионы Павел Никифоров: «Бұл жетістігіммен ғана шектеліп қалмаймын»

Қарағандылық Павел Никифоров пара-армрестлингтен әлем чемпионы атанды. Мұндай жетістік Қарағанды спортының тарихында алғаш рет орын алды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы спортшы мен оның жаттықтырушысы Виктор Киселевті жеңісімен құттықтап, алғыс хат табыс етті.
Әлем біріншілігі 31 қазан мен 4 қараша аралығында Румынияда (Констанца қ.) өтті. Чемпионатта 54 елден келген 1 400 спортшы бақ сынасты.
34 жасар қарағандылық 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 12 атлеттің арасында үздік деп танылып, ақтық сайыста Ресейден келген қарсыласын жеңді.
- Бұл менің әлем чемпионатына екінші рет қатысуым. Өткен жылы Түркияда өткен біріншілікте бесінші орын алдым. Сол кезде өзіме нәтижені жақсарту мақсатын қойдым. Осы жылдың наурыз айында Қазақстан чемпионатын жеңіп алып, Румыниядағы әлем чемпионатына жолдама алдым. Алғашқы күннен бастап дайындық басталды, - деді Павел Никифоров.
Чемпионның айтуынша, ол жеңісті анасына арнаған.
Павел Бұқар Жырау ауданының Петровка ауылында дүниеге келген. Спортпен 12 жастан бастап айналыса бастады. Өзінің алғашқы алтын медалін 14 жасында жеңіп алған. Қазақстанның үш дүркін чемпионы және Азияның екі дүркін чемпионы.
Спортшы KazMetiz металл илектеу зауытында жүк тасушы болып жұмыс істейді. Жаттығуларын жұмыстан кейін кешкі уақытта өткізеді.
- Әлем чемпионаты өте қиын өтті, қарсыластарым да мықты болды. Толғанып, қатты уайымдадым. Бір күнде таңертеңнен бастап алты спарринг өтті. Ақтық сайыс кешкі жетінің шамасында басталды. Әрине, жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын және мақтаныш сезімі зор. Өз елімнің, Қарағанды облысының, туған кентімнің намысын қорғадым, - дейді Павел Никифоров.
Әлем чемпионы және оның жаттықтырушысы жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Спортшының әлем чемпионатына сапарына Павел жұмыс істейтін зауыт басшысы демеушілік жасады.
- Мен осы жолды өткергенімізге ризамын. Павелдің айтып отырғаны біздің жеңіп шыққан қиындықтарымыз бен сезінген уайымымыздың тек аз ғана бөлігі. Ол көптеген кедергілерді өткер алды. Чемпионатқа ұзақ және табандылықпен дайындалды. Мен оның қандай бұлшықеттерін нығайту керек екеніне назар аудардым. Бірақ барлығы тек күшке байланысты емес. Ең бастысы – ұмтылу. Павел жаттығуларға жұмыстан кейін кешкі сағат 9-да келіп отырды. Шаршағандығына қарамастан ұзақ уақыт, түнге дейін дайындалдық, - дейді жаттықтырушы Виктор Киселёв.
Әлем чемпионының айтуынша, ол қол жеткізген жетістікте тоқтап қалмақ емес.
- Спортпен айналысуды жалғастырамын. Мен одан да жоғары көтеріле аламын. 2020 жылдың наурыз айында Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп, келесі әлемдік біріншілікке іріктеуден өтуді жоспарлап отырмын. Екі дүркін әлем чемпионы болғым келеді, - деді Павел Никифоров.
Румыниядағы армрестлинг пен пара-армрестлингтен әлем чемпионатында қазақстандық құрама 51 Алтын, 40 күміс және 43 қола медальмен екінші орынды иеленді. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар 8 алтын, 7 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»