100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Кәсіби мереке қарсаңында Қарағанды облысының аграрлық қызметкерлері марапатталды

Қарағанды облысында ауыл шаруашылық қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Кәсіби мерекеге арналған салтанатта егіс алқаптары мен фермалардың үздік еңбеккерлері марапатталды. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек ауыл кәсіпкерлеріне істерін дамытуға гранттар табыс етті.
Достық үйінде аграрлық сала жетістіктерінің көрмесі ұсынылды. Мұнда ауыл тұрғындары азық-түліктің барлық түрлерін көрсетті. Фермерлер сортты картоп пен дәнді дақылдарды, бөдене етін, сублимацияланған ұнтақ бие сүтін және т. б. алып келді.
Облыс әкімі аграршыларға қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.
- Ауыл әрқашан материалдық және рухани негіз болды. Сары Арқа ауылдары айтарлықтай дамып, өсіп келеді. Бұл – сізддердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Біз ауылдықтардың сұраныстары өгеріп келе жатқанын көріп отырмы. Адамдар тек жақсы жол салуды ғана сұрамайды. Жастар жылдам интернет қажет дейді. Жас мамандар дипломдармен туған ауылдарына оралып, оны жандандыруға тырысып жатыр, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек құттықтау сөзінде.
Ауылдағы өмір сүру жақсарады, деп сендірді аймақ басшысы. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша қаржыландыру өсуде, оның мақсаты – ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту.
Келесі жылдан бастап ауыл мектептерін жөндеудің бес жылдық бағдарламасы басталады, деп хабарлады облыс әкімі. Әрбір ауданда жолдарды жөндеу бюджеті ұлғаяды.
Салтанатты жиында үздік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары марапатталды. Астық жинауда ерекше көзге түскен комбайнерлерді атап өтті.
Жүргізушілер номинанттардың жетістіктеріне түсініктеме берді. Мысалы, инвестициялық көшбасшы деп танылған «Шахтерское» ЖШС 2019 жылы өндірісті дамытуға 1,7 млрд теңге бөлді. Ең үздік комбайншы Сергей Юрьев өзінің «Джон Дир» маркалы машинасында күндізгі норманы екі есе асыра орындап, бір маусымда 1500 тонна астық бастырған. «Құрма» ең үздік құс фабрикасы жыл сайын 200 млн жұмыртқа өндіреді.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үш кәсіпкер ісін дамытуға арналған грантты иеленді.
- Мен қолдау алғаныма ризамын. Менің алты балам бар, кіші қызым 4 жаста, үлкені 24-те. Үш жыл бұрын көрпе шығаратын тігін цехын ашты. Енді жаңа жабдықты сатып алып, кеңейте аламын. Қазір екі тігінші жұмыс істеп жатыр, жаңа жұмыс қолы қажет, - деді Бұқар Жырау ауданының грант алушысы, көпбалалы ана Гүлмира Ысқақова.
Жастар жылы аясында ең жас ауыл кәсіпкері үшін арнайы грант тағайындалды. Оны 22 жасар Василий Жабяк иеленді. Ауылдық еңбек оған бала кезінен таныс, жерге деген сүйіспеншілік әкесінен дарыған. 11 жасында алғаш рет тракторға отырған. Техникалық университетті бітіргеннен кейін ол туған ауылына оралды. Бозбала 15 адам еңбек ететін, егін шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысатын ЖШС басқарады.
Сондай-ақ, саланың үздік қызметкерлеріне облыс әкімінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің медальдары мен төсбелгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні қарашаның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Номинациялар иегерлері:
«Ірі қара мал өсіру бойынша үздік асыл тұқымды шаруашылық» – «Қайнар» ЖШС (Нұра ауданы);
«Қой өсіру бойынша үздік асыл тұқымды шаруашылық» – «Жеңіс» ЖШС (Жаңаарқа ауданы);
«Сүт өндіру бойынша үздік шаруашылық» – «Садовое» ЖШС (Осакаров ауданы);
«АӨК инвестиция тарту бойынша көшбасшы» - «Шахтерское» ЖШС (Нұра ауданы);
«АӨК цифрландыру көшбасшысы» – «Найдоровское» ЖШС (Осакаров ауданы);
«2019 жылғы үздік астық шаруашылығы» - «Шоқайское» ЖШС (Осакаров ауданы);
«Үздік көкөніс шаруашылығы кәсіпорны» – «Поливное» ШҚ (Абай ауданы);
«Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша үздік кәсіпорын» – «Волынка» ЖШС (Абай ауданы);
«Дәнді дақылдарды жинау бойынша үздік комбайнер» - Сергей Юрьев, «Воля» ШҚ (Осакаров ауданы);
«Үздік ет экспорттаушы» – «Айыпханов А.» ШҚ (Ұлытау ауданы);
«Үздік картоп өсіру шаруашылығы» – «Шерубай Су» ЖШС (Шет ауданы);
«Картоп жинау бойынша үздік комбайн» - Николай Манив, «Каймар» ШҚ (Абай ауданы);
«Үздік құс фабрикасы» - «Құрма» ЖШС (Абай ауданы).

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»