100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылық спортшылар Паралимпиада ойындары-2020 қатысуға бес лицензия жеңіп алды

 

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы төрт жылдың басты старттары 25-ші тамыз бен 6-шы қыркүйек аралығында Токиода өтеді. XVI жазғы Паралимпиада ойындарына 180 елдің 4500 мың өкілі қатысады.
Рейтингті біріншіліктердің қорытындысы бойынша Қарағанды облысынан Жапония астанасында өнер көрсету құқығы үшін тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті бұзылған жеті спортшы күресетін болады деп шешім қабылданды. Олар келесідей спорт түрлері бойынша: жүзу – төрт адам, жеңіл атлетика – екі, оқ ату – бір спортшы барады.
Бес паралимпиадалық спортшы «А» тобының нормативін орындады. Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев, Әлия Рахымбекова – жүзуден, Айдос Жылқышынов – оқпен атудан, Дастан Мұқашбеков – жеңіл атлетикадан. Тағы екі спортшы лицензиялық халықаралық турнирлерде қаңтар мен мамыр айлары аралығында қажетті нормативтерді орындауы тиіс.
Паралимпиада ойындарына қатысуға барлық үміткерлер үшін даярлаудың перспективалық жоспарлары әзірленіп, бекітілді, жаттығу процесі үшін оңтайлы жағдайлар жасалды. Спортшылар ай сайын стипендия алады.
Дастан Мұқашбековте тірек-қимыл аппараты мен басқа да бірқатар сырқаттар бар, бірақ бұл сырқаттар оған спортпен айналысуға кедергі келтірмеді.
- Осыдан үш жыл бұрын мен өз өмірімде бірдеңені өзгерту керек деп шештім,- деді 30 жасар атлет. - Алдымен пауэрлифтингпен айналысуды ойладым, бірақ денсаулыққа байланысты, осы идеядан бас тартуға тура келді. Жеңіл атлетикалық манежде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған секция бар екенін білдім. Осылайша мені жаттықтырушы Сергей Безгачевпен тағдыр кездестірді. Мен өзімді әртүрлі спорт түрлерінде байқап көрдім, бірақ ядро лақтыру ұнады. 2019 жылдың сәуір айында Мароккода өткен халықаралық турнирде екі медаль – күміс және қола медаль жеңіп алдым. Ал қараша айында әлем чемпионатында тоғызыншы болдым, бұл маған Паралимпиадалық ойындарға қатысуға құқық берді.
Дастан аптасына төрт рет жаттығады: екі сағат - манежде және тағы екі сағат - жаттығу залында. Жақында спортшы Алматыда өтетін жиынға барады.
Облыстық мүгедектер спорты мектебінде 16 түр бойынша 440 адам айналысады. Олармен 22 тәлімгер жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстан Республикасының жеті еңбек сіңірген жаттықтырушысы бар.
Облыста мүмкіндігі шектеулі 3835 адам 29 спорт түрі бойынша спортпен айналысады. ҚР Ұлттық құрамасына 90 адам кіреді.


Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»