100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Жеңіс Қасымбек Приозерск қаласын дамыту бойынша міндеттер қойды

Жеңіс Қасымбек Приозерск қаласының даму жоспарлары туралы айтып берді. Қарағанды облысының әкімі осы қалаға жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандарды аралап, жергілікті билік алдына бірқатар міндеттер қойды. Бірінші кезекте, аймақ басшысы кәріздік-тазарту құрылыстарын салу жобасын аяқтауды тапсырды. Бұл нысанды бірнеше жыл бойы аяқтай алмайды. Құрылыстың ұзаққа созылып кету себебі девальвацияға байланысты жобаның қымбаттауымен түсінідірілуде.
- Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтадық. 60-70% жабдық орнатылды. Көктемде бағаны түзетуді ескере отырып, жобалық-сметалық құжаттама дайын болады. Биыл КТҚ құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді Приозерск қаласының әкімі Қайрат Қамзин.
Жеңіс Қасымбекке бірнеше нысан жөндеуді қажет ететіні жайлы айтылды. Мысалы, қалыпқа келтіру жұмыстарын «Айналайын» балабақшасында өткізу қажет. Құрылыс жұмыстарына шамамен жүз миллион теңге қажет болады. Қала әкімінің айтуынша, облыстың қолдауынсыз бұл мәселе шешілмейді. Қарағанды облысының әкімі биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстарына кірісуді тапсырды.
Сонымен қатар, жергілікті билік «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығын көрсетті. Спорттық, шығармашылық және зияткерлік үйірмелерде 1175 бала айналысады. Нысанның жақсы материалдық-техникалық базасы бар. Шешімді қажет етеін жалғыз мәселе - бассейнде шатыр ағып жатыр.
- Бұл мәселе шешілетін болады, шатырды ауыстыруға көмектесеміз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Коммуналдық мәселелерге қатысты облыс әкіміне №1 қазандықты жаңғырту жоспары туралы да айтылды. Бұл жерде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жаңа технологиялар енгізілмек. Олар сапалы жылумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы қазандық жылытылатын мазут шығынын үнемдеуге әкелуі тиіс.
Приозерск қаласында 13 мыңнан астам адам тұрады. Инвестициялардың өсуі байқалады. Бүгінгі күні 712 шағын және орта бизнес объектілері жұмыс істейді және олардың саны ұлғаюда. Приозерскіде кәсіпкерлер туристік салаға және саудаға қаражаттарын салғанды қалайды. Биыл жеті жаңа нысанның құрылысы жоспарланған. Қонақ үйлер, демалыс үйлері, дүкендер ашылуы тиіс.
 

Вернуться к списку новостей

Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы экологиялық жағдай туралы пікірін айтты 05 Ақпан 11:00
Қарағанды облысында гидроқұрылыстарды паспорттау жүргізіледі 05 Ақпан 10:52
Медициналық сақтандыру қорына жарнаны енді емханаларда орнатылған терминал арқылы төлеуге болады 05 Ақпан 10:33
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»