100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылықтарды Балқаш көлінде мұз үстімен өтуге шақырады

Қарағандылықтар Балқаш көлімен мұз өткелінде жүріп өте алады. Бастамашылары осы акцияны өткен жылы ұйымдастырып, жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналдырмақ. Оның мақсаты - қазақстандық қоғамның назарын Балқаш маңындағы экологиялық проблемаларға аудару және ішкі туризмді қолдау.
Іс-шара Байкал бойымен өткен қысқы көшуге ұқсас болды. Акцияға алғаш рет 50 қаысушы қатысты. Олардың қатарында белгілі қоғам қайраткерлері Асылбек Қожахметов, Ажар Жандосова, журналист Сергей Пономарев, пианист Жәния Әубәкірова бар.
«Ұлы Балқаш шақырады!» мұз үстімен жүріп өтетін екінші жорық 14-15 ақпанда өтеді. Қатысушылар Приозерск қаласының «Балқаш» шипажайына жиналады.
Бағдарлама сондай-ақ «Форсайт-әңгімелесулер: адам және қоғам 2035» интеллектуалдық жаттығуын қамтиды. 21 ғасырдың экология, денсаулық және ұзақ өмір сүру, кәсіпкерлік тақырыптарына шеерлік сабақтар қарастырылған. Спикерлер: «Аралас жекпе-жек бойынша Қазақстанның біріккен федерациясы» РҚБ бас директоры Уәлихан Тен; МВА AlmaU бағдарламасының түлегі, «Таксистен миллионерге дейін» кітабының авторы, tenderbot.kz және taxi.kz порталдарының негізін қалаушы Тимур Құдайбергенов; журналист-эколог, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Пономарев.
Мұз өткеліне қатысуға қатысты толығырақ ақпаратты келесі сайттан көруге болады: https://balqash.almau.edu.kz

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»