100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Дін істері басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы болып 44 жасар Дулат Халел тағайындалды. Кадрлық өзгерістер туралы аппарат кеңесінде аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек хабарлады.
Дін істері басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Бикенов басқа жұмысқа ауысты. Ол Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Дулат Халел 1975 жылы 14 желтоқсанда Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих, тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. Борлыбұлақ және Көктас ауылдарының мектептерінде жұмыс істеді. 2001 жылдың қыркүйегінде Мемлекеттік қызметке ауысты. Қарқаралы ауданы әкімдігінде бас маманнан бөлім басшысына дейін көтерілді. Қарқаралы әкімінің көмекшісі болды. 2006 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық ішкі саясат бөлімін басқарды.
Облыс әкімі сондай-ақ «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын таныстырды. Мемлекет Басшысының Өкімімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл лауазымға 43 жастағы полковник Мереке Күшекбаев тағайындалды. Бұған дейін ол десанттық-шабуылдық әскерлер штабын басқарды, сондай-ақ ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қолбасшысы болды.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»