100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Әкімдердің есеп беру кездесулері: Қарағандыда аулаларды көріктендіру бағдарламасы жалғасады

Қарағандыда биыл жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтірілетін болады. Қалалық билік көшелерді жарықтандыру мәселесін шешуге уәде берді. Ал осыған дейін ең төменгі стандарт бойынша жабдықталған аулаларда балалар мен спорт алаңдары орнатылады.
Бұл туралы қала әкімі Нұрлан Әубәкіров халық алдындағы жыл сайынғы есебінде айтты. Қазыбек би атындағы аудан тұрғындарымен кездесу Достық үйінде өтті. Қала басшысының есептік кездесуіне облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
- Бүгінгі таңда қала экономикасында өндірістік сектор айтарлықтай үлеске ие, онда 1400-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, жұмыс істейтіндер саны 27 мың адам. Өткен жылы 386 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2018 жылдың деңгейіне қарағанда 5%-ға жоғары, - деді Нұрлан Әубәкіров.
Қала әкімі шағын және орта бизнестің өсу үрдісін атап өтті. Оның айтуынша, облыс орталығының экономикасында ШОБ үлесі 51%-дан асты.
Нұрлан Әубәкіров өз баяндамасында әлеуметтік саланың дамуына тоқталды. Биылғы жылы Қарағанды қаласының 30 шағын ауданында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады. 11-а шағын ауданында 600 орындық мектеп құрылысы басталады. Оқушылар сарайын іске қосу жоспарлануда. Бюджеттен 18 мектеп пен балабақшаны жөндеуге қаржы бөлінді.
Медициналық қызметтерді қамтамасыз ету үшін «қадамдық қолжетімділікте» «Степной-2" шағын ауданында, Карбышев көшесі мен құрылысшылар даңғылында емханалар ашылады.
Облыс орталығында аулалар абаттандырылады.
- Өздеріңіз білетіндей, үшінші жыл қатарынан абаттандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда 200 аула абаттандырылды, оның ішінде 100 аула Қазыбек би атындағы ауданда, оның 36-ы жаңа қалада, 25-і Михайловкада, 39-ы Оңтүстік-Шығыс пен Федоровка ауданында. Биыл қалада 122 аула аумағы абаттандырылады. Орамішілік жолдарды жөндеу жалғастырылады. Алғаш рет абаттандыру жұмыстары кешеніне жаяу жүргіншілер жолдарын жайластыру кіреді - жалпы қала бойынша 41 көшеде, оның ішінде Қазыбек би атындағы ауданда 14 көшеде осындай жолдар жөнделмек. Сонымен қатар, 2018 жылы абаттандырылған 100 ауланы спорттық және балалар алаңдарымен жабдықтау жоспарлануда, - деді Нұрлан Әубәкіров.
Билік көшені жарықтандыру мәселесін шешу нұсқасын тапқандарын айтуда.
- Жалпы, қаланың 611 көшесі сыртқы жарықтандыру желісін тартуды талап етеді. Бұл жұмысты МЖӘ шеңберінде энергия сервистік келісімшарттар есебінен бастаймыз. Бірінші кезеңде 130 көшеге жарық беруді жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, көп қабатты үйлердегі лифттер мәселесі шешілуде. Облыс әкімінің бастамасымен өткен жылдың соңында ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша лифт шаруашылығын қалпына келтіру бойынша ауқымды жоба іске қосылды. Қарағандыда 170 жұмыс істемейтін лифт бар. Алтауы жһнделді, тағы 27-де монтаж жұмыстары жүргізілуде. Биыл 100 лифт орнату жоспарлануда. Қала әкімі қарағандылықтарды бағдарламаға белсенді қатысуға шақырды.
Нұрлан Әубәкіров қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Бірқатар өтініштер Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге қатысты болды. Бір де бір ардагер назардан тыс қалмайды, деп сендірді қала әкімі. 9 мамырға қарай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 1 миллион теңгеден алады.
Есеп беру кездесулерінен кейін Нұрлан Әубәкіров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»