100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды мектептерінде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыратын болады

Қарағанды облысының мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыра бастайды. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуінде мәлімдеді.
- Облыстық мәслихат депутаттарының қолдауымен біз отбасының материалдық жағдайына қарамастан 1-ден 4-ші сыныпқа дейінгі оқушыларды кезең-кезеңімен ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдадық. Бірінші және екінші сыныптар биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. 2021 жылы – үшінші сыныптар, 2022 жылы - төртінші сыныптар, - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек өз есебінде мектептерді жөндеу бойынша 3 жылдық бағдарламаны ұсынды. Өңірде үш ауысымды оқытумен қатар апатты жағдайдағы бірде-бір мектеп қалмайды, деп мәлімдеді ол. Оқу орындарының 542 ғимаратын жөндеу және 11 жаңа ғимарат салу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 40 млрд теңге жұмсалмақ.
Барлық мектептерде қауіпсіздікті күшейту үшін бейнебақылау камералары орнатылады, деп атап өтті облыс әкімі.
Жеңіс Қасымбек сондай-ақ қалалық және ауылдық балаларда өзіндік дамудың қандай жаңа мүмкіндіктері пайда болатынын айтты. Облыста қосымша білім беру орталықтарының саны артылады. Осы жылы Қарағандыда Балалар мен жеткіншектер сарайы және Сәтпаев қаласында Оқушылар сарайы ашылады. Ақтоғай, Ұлытау және Қарқаралы аудандарында жас туристер мен натуралистер станцияларын ашу жоспарланып отыр. Жаңаарқа ауданында Оқушылар үйі салынады, Бұқар жырау және Осакаров аудандарында балалар технопарктері жабдықталады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»