100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда ауыл кәсіпкерлеріне тегін шеберлік сабақтары өткізіледі

Қарағандыда 21-22 ақпанда «Ауылдық аймақтарда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» атты тегін шеберлік сабақтары өтеді. Ұйымдастырушы – «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы.

Қатысушылар ауылдағы әйелдердің әлеуметтік мәселелерін шешуді, ШОБ қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын талқылайды. Қатысушыларға бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, ауылдарда бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін халықаралық ұйымдардың гранттық бағдарламалары туралы айтылады.
Ұйымдастырушылар бизнес негіздері және қаржыландыруға қол жеткізу бойынша тиімді тнерингтер әзірледі.
Ұйымдастырушылар бизнес негіздері және қаржыландыруға қол жеткізу бойынша тиімді тренингтер әзірледі. Олар бастапқы капиталды қайдан алуға болатыны, банктен грант немесе несие алу, өз ісін қалай дамытуға және жаңа өткізу нарықтарын табуға болатынын айтып береді. Шеберлік сабақтарға қатысушыларға бизнес-жоспар құруды, әлеуетті клиенттерді табуды, жарнама жасауды және бизнесті интернет арқылы жылжытуды үйретеді.
Семинарға Өңірлік кәсіпкерлер палатасына Қарағанды қаласы, Ермекова 29, 317 кабинет – Омарбекова Гузяль жазылуға болады немесе мәліметтерді email-ге жіберуге болады: [email protected], байланыс деректері: 8 7212 50-64-18 (ішкі.430), ұялы: 87019891510 (Т. а. ә., ұйымның атауы, лауазымы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері, тұратын мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы, жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі).

Уақыты мен мекенжайы: 21-22 ақпан, Қарағанды қ., «Cosmonaut» бизнес-отелі, Кривогуз көшесі 162а.

karagandy.atameken.kz

 

Вернуться к списку новостей

Гоголь атындағы кітапхана «Кешкі P.S.» библиосейшнге шақырады 20 Ақпан 17:31
Басшыларға сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапкершілікке тартылатыны еске салынды 20 Ақпан 17:07
«Қарағанды облысының әрбір екінші кәсіпкері - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қатысушысы» 20 Ақпан 17:03
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»