100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылықтар мемлекеттік қызметтерді интернет арқылы жиі ала бастады

Қарағанды облысының тұрғындары онлайн режимінде мемлекеттік қызметтерді жиі ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының басшысы Тілеубай Құсайынов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында мәлімдеді.
2019 жылы Қарағанды облысында 2 163 784 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 %-ға аз.
- ХҚКО операторлары арқылы көрсетілген қызметтер санының төмендеуі клиенттер өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алатын қызметтер санының артуына байланысты. Ағымдағы жылы Қарағанды облысында оң динамика орнатылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету принципі бойынша алынған қызметтер саны 16.5%-ға өсті, - деп атап өтті Тілеубай ҚҰСАЙЫНОВ.
Бұл өткен жылы ресімделген электрондық-цифрлық қолтаңбалардың санын да растайды. Электронды қолтаңбаны 450 мыңнан астам адам алған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 32,2%-ға артық.
Сонымен қатар ХҚКО мамандары мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйлеріне барады. 2019 жылы үйде отырып мемлекеттік қызметтерді 1815 адам алған.
Дегенмен, онлайн режимде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны әлі де өсуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Байханова хабарлады.
- Облыстағы әрбір төртінші мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіледі. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттырады. Талдау көрсеткендей, себептердің бірі - кейбір мемлекеттік органдардың порталдарын электрондық үкімет сервистерімен интеграциялаудың жеткіліксіздігі, - деді ол.
Жалпы, Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша өңірлер рейтингісінде үшінші орында. Өткен жылы шағымдар саны азайды. Егер 2018 жылы қызмет көрсету сапасына облыстың 40 тұрғынының көңілі толмаса, 2019 жылы ондай азаматтардың саны 25 болды.
- Бізге барлық айтылған мәліметтерді сараптау қажет. Республикалық көрсеткіштерден айтарлықтай қалыс қалып бара жатырмыз. Сондықтан осы бағытта жұмыстар атқаруымыз қажет, цифрландыру қарқынын үдетуіміз керек, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, жиналысты қорытындылай келе.
Көптеген мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта egov.kz сайтынан, сондай-ақ Telegram, ВКонтакте, Facebook мессенджерлері арқылы алуға болады. Бұдан басқа, eGov mobile электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасы іске қосылды.
 

Вернуться к списку новостей

Гоголь атындағы кітапхана «Кешкі P.S.» библиосейшнге шақырады 20 Ақпан 17:31
Басшыларға сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауапкершілікке тартылатыны еске салынды 20 Ақпан 17:07
«Қарағанды облысының әрбір екінші кәсіпкері - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қатысушысы» 20 Ақпан 17:03
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»