100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Жеңіс Қасымбек балалар үйінің түлектеріне арналған тұрғын үй құрылысының түрлі нұсқаларын қарастыруды тапсырды

Жеңіс Қасымбек балалар үйінің түлектері үшін тұрғын үй салу жөніндегі ұсыныстарды пысықтауды тапсырды. Облыс әкімінің айтуынша, Осакаровка, Саран және басқа аудандарда осы санаттағы азаматтарға арнап тұрғын үй салу қажеттілігі бар. Және де бұл мәселе өте өзекті.
- Түрлі нұсқаларды қарастыру қажет. Бұл ретте бізге көмектесе алатын мемлекеттік бағдарламалар бар. Биылғы жылы балалар үйінің баспанаға кезекте тұрған түлектерінің тізімін қысқарту мәселесімен тығыз айналысу керек, - деді аймақ басшысы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары кезінде.
Облыс әкімі жұмыс сапарының басты бағыттарының бірі – құрылыс қарқыны мен тұрғын үй сапасын бақылау болды. Сондықтан қазіргі таңда Жеңіс Қасымбектің ерекше бақылауында бірқатар нысандар тұр, атап айтқанда, «Үш жапырақ» ТК. Мердігерлер оны биылғы жылы аяқтауға уәде беріп отыр. Құрылыстың қалай жүргізіліп жатқанын облыс әкімі өз көзімен көріп қайтуды жөн көрді.
- Бір үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Наурыз мерекесі қарсаңында 92 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отымыз. Қазір құрылысшылар ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде, - деді «Еuгаѕіа Building» ЖШС бас директоры Айдос Мұқатаев.
Қалған үйлерде қабырғалар салынып, коммуникациялар жүргізіп, терезелер орнатылады.
Жеңіс Қасымбек қалған үйлердің мерзімінде тапсырылуына барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды. Ол сондай-ақ құрылыс компаниясымен серіктес қалаларда әлеуметтік тұрғын үй салу мүмкіндігін талқылады.
Құрылыс нысандарын қарап болған соң, облыс әкімі Бобруйская көшесіне де барып қайтты. Тұрғындар бұл жерде орталықтандырылған жылу беру жүйесін өткізуін бернеше жылдан бері өтініп келеді. Қазір олар үйлер мен пәтерлерді көмірмен және электр қуатымен жылытады.
Бұл мәселені шешу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Газалиев көшесінен Ермеков көшесіне дейін жылу магистралін қайта құруға қаражат бөлуге өтінім берілді. Сондай-ақ, Бобруйская көшесіндегі үйді орталықтандырылған жылумен қамту үшін жаңа бұтақ салуды жоспарлап отыр. Бұл жоба 2021 жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс.
Қазіргі жылу магистралі 1972 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда ол 70% тозған. Бұл жерде құбырлар мен жабдықтарды толығымен ауыстыру жоспарлануда. Жеңіс Қасымбек бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешу үшін барынша күш-жігер жұмсауды тапсырды.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»