100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылық тасымалдаушылар 2020 жылы автопарктерінің жартысын жаңартуы керек

Қарағандыда автобустардың ғана емес, маршруттық көліктердің де жаңартылуы қолға алынды. Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша тасымалдаушылар үш жыл аралығында жаңа қоғамдық көлікті сатып алу міндетін өз мойнына алды. Автопарк басшылары көлік сатып алуды «БРК «Лизинг» АҚ тетіктері арқылы жүзеге асырады. Жаңа техника жаздың басында жеткізіледі деп күтілуде. Барлық автобустар Қазақстан зауыттарында құрастырылған болады.
- Жұмыс барлық тасымалдаушылармен жүргізілді. 2019 жылы 79 автобус сатып алынды. Осы жылы 200 автобусты қарастырамыз: 115 үлкен сыйымдылықты және 85 кіші сыйымдылықты. Үшінші автопарк 70 автобус, бесіншісі – 20, екіншісі – 15 автобус сатып алады. Қалғандары басқа тасымалдаушыларға тиесілі, - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Әубәкіров облыстық әкімдікте өткен кеңесте.
Тағы 199 автобус 2021 жылы сатып алынады деп жоспарлануда.
- Адамдар әлеуметтік желілерде сіздердің маршруттық шағын автобустарыңыздан қара түтін шығып жатқан бейнелерді салады. Моральдық және физикалық ескірген көліктен тезірек арылу керек. Сіздер осы жылы автопарктеріңіздің 50% ауыстыруға міндеттісіздер. Біз сіздерге бұл үшін барлық жағдайды жасаймыз, - деді Жеңіс Қасымбек автопарктердің басшыларына.
Облыс әкімі сондай-ақ жолаушылар көлігінің бірыңғай түрін сақтауды талап етті. Өңір басшысы автобустардың бір түсті гаммада сатып алынуын бақылауды тапсырды.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»