100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда кәріс орталығындағы ең қарт әжейдің 100 жылдығы атап өтілді

Қарағандыда ғасыр куәгері болған Оксер Огайдың мерейтойы аталып өтті. Корей диаспорасының ең қарт өкілі 100 жасқа толды. Салтанатты шараның басты себепкеріне зор құрмет көрсетілді.
Оксердің екінші есімі - Тамара. Көп жыл бұрын оны корейлік есімі қиын болып көрінген әріптестері берген. Сондықтан салтанатты шара «Тамара патшайымы» атты кодтық атауымен өтіп, мерейтой иесіне сәйкесінше сый-құрмет көрсетілді. Туған күн иесін залға таққа отырғызып шығарды.
- Анамның тағдыры ауыр болды. Ол Қиыр Шығыста Приморск өлкесінде дүниеге келген. Отбасында бес бала болды. Әкесі – ауыл дәрігері, анасы – үй шаруасындағы әйел. 1937 жылы Сталиннің жер аудару туралы бұйрығы шыққаннан кейін оларды туған жерінен алып кетіп, Қазақстанға жіберді. Сол кезде анам 16 жаста еді. Бір ай бойы тауар таситын жүк пойызымен жол жүріп келген екен. Вагондар адамдарға лық толы болған. Межеленген орынға барлығы жете алмады. Көптеген адамдар жолда суықтан, аштықтан өліп қалған. Аман қалғандарын Ақмола облысында далаға түсіріп кеткен. Барлығы шамасы жеткенше күн көріп, аман қалудың шарасын ойластырған, жерді қазіп үй салған, - дейді мерейтой иесінің үлкен қызы Светлана Ким.
Кәрістер әлі күнге дейін өмір сүруге, ауырлық пен ауыртпалықты көтеруге көмектескендері үшін қазақтарға ризалығын білдіреді. Қазақтар еріксіз бөтен елге жер аударылған халықтармен баспанасымен және соңғы тілім нанымен бөліскен.
Ұлы Отан соғысы кезінде Оксер консерві зауытында жұмыс істеді. Зауыт өндірген өнім майданға жауынгерлерге жіберіліп отырды.
1945 жылы жарын кездестіріп, тұрмысқа шыққан. Бір жыл өткен соң бірінші қызы дүниеге келді. Жұбайымен әжей бес бала тәрбиеледі, қазір оның үшеуі - екі қызы мен ұлы қалды.
1952 жылы отбасы Екібастұзға көшіп кеткен. Балалар сәл есейгенде Оксер жиһаз дүкеніне түрлі жұмыс атқаратын қызметкер болып орналасқан. Дәл осы жерде оны Тамара Ивановна деп атай бастаған.
Үш жыл бұрын үлкен қызы анасымен Қарағандыға, балалар мен немерелерінің жанына көшіп келген.
Екібастұзда Оксер Огай «Чосон» корей орталығының белсенді мүшесі болған. Қарағандыға көшкеннен кейін де облыстық этно бірлестік мүшелерімен достасқан.
- Анам егде жасына қарамастан қол қусырып отырмайды. Тоқиды, киімдерді үтіктейді. Жазда бақшада жұмыс істейді. Корей және орыс тілдерінде кітаптар мен газеттерді оқиды. Ән айтады және билейді. Өте белсенді, әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Үйде қонақтар көп болғанын жақсы көреді. Біз оның өмірге қуануы үшін қолымыздан келгенін жасауға тырысамыз, - деді үлкен қызы.
Бүгінде ғасыр куәгері 13 немере, 23 шөбере және екі немене сүйіп отыр. Олардың ең кішілері 6 және 2 жаста.
Мерейтойды атап өту кезінде дәстүрлі түрде рудың үлкен сәлем беруге жақындардың барлығы кезекпен шықты. Қазақстанда өніп-өскен үлкен отбасы осыншама жылда көп ұлтты жанұяға айналды. Кәрістер қазақ және немістермен туысқан.
Салтанатты шараға Қазақстанның басқа қалаларынан: Екібастұз, Алматы, Петропавл, сондай-ақ Ташкенттен қонақтар келді. Мерейтой иесін белгілі әнші Нұрлан Абдуллин, Қарағанды облысы кәрістер этномәдени бірлестігінің «Киппым» би тобы құттықтады. Туған күн иесіне ардагерлер хорының мәдени мұра сақтаушылары ана тілінде «Омони» (Ана) әнін арнайы орындап берді. Әжейдің шөбересі Максим той себепкерінің құрметіне өзінің рэп шығармасын орындады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»