100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Тәттімбет оркестрі Новосібір қаласында өткен халықаралық фестивальде өнер көрсетуде

Новосібірде төртінші рет «Струны Сибири» оркестрлер мен халық аспаптар ансамбльдерінің фестивалі өтуде. Осы жылы музыкалық кездесу халықаралық дәрежеге ие болды. Көрермендер алғаш рет қазақ ұлттық аспаптарының дыбысын естиді. Қазақстанды Қарағандыдан келген ұжым – Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар академиялық оркестрі таныстырды.
- «Струны Сибири» - халық аспаптары, виртуозды ойын және ерекше лиризм, бұл оркестрлер шеруі, олардың ынтымақтастығы, сондай-ақ музыкалық жанрлар мен әсерлердің шексіз әртүрлілігі. Халық аспаптар оркестрлері мұнда жарысу үшін емес, бір-бірімен және тыңдаушылармен қарым-қатынас орнату үшін жиналады. Жанрды насихаттаудан басқа фестиваль бірқатар маңызды міндеттерді орындайды. Қандай да бір мағынада бұл шара классиканы, жаңа музыканы, фольклорды орындауға қабілетті халық аспаптарының кең мүмкіндіктерін көрсету болып табылады. Әрине, бұл шығармашылық тәжірибе алмасу және ортақ мәселелерді талқылау, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Алғашқы үш биенналда тек орыс халық аспаптары қатысты. IV фестивальдің географиясы кеңейіп, ол халықаралық деңгейге көтерілді. Көрермендер Тува, Беларусь халықтарының, қазақ музыка аспаптарының үнін ести алады.
Фестиваль 25-28 ақпан аралығында өтеді. Шараның ашылуында бірінші болып Тәттімбет атындағы оркестр өнер көрсетеді. Ұжымға толықтай бір бөлім бөлінген. Тыңдаушыларға қазақ композиторларының фольклоры мен музыкасы, опера сахнасының фрагменттері ұсынылады. Дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абдуғалисин Шоқанбаев және халықаралық байқаулардың лауреаты Руслан Баймурзин (Нұр-Сұлтан қ.). Әншілер – Айгүл Әужанова, Гүлмира Тапай, Ержігіт Оспанханов, Талғат Ыдырысов.
Қарағандылықтар фестивальдің жабылуында да өнер көрсетеді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»