100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарқаралыдағы оңалту орталығы толық қуаттылыға кірісіп жұмыс істей бастады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың айтқан сын сөздерінен соң Қарқаралыдағы мүгедектерге арналған оңалту орталығы емделушілермен толықты. Қазір мұнда облыстың әр қалалары мен аудандарынан жиналған 58 адам әлеуметтік-медициналық көмек алып жатыр.
- Қазір бізде орталық барынша толыққан. Бүгінгі таңда оғалту орталығында 58 емделуші – негізінен неврологиялық оңалтуға мұқтаж, сонымен қатар тірек-қозғалу аппараты ауруларына шалдыққан бірінші және екінші топ мүгедектері ем алып жатыр. Бүгін тағы төрт адамның келуін күтудеміз, - деді «Қарағанды облысының мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ директоры Нұрлан Тұрсынбеков.
Науқастар жеке-дара оңалту бағдарламасы бар жолдама бойынша қабылданады. Орталық физиопроцедураларға, механотерапия, емдік дене-шынықтыру, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуге арналған барлық заманауи медициналық құырғылармен жабдықталған. Қызмет көрсету ауқымы да кең – тренажерлер, су асты массажы, сауна, фито-бөшке және басқалары.
Мұның барлығы тегін. 2017-ші жылы мекеменің қызметіне бюджеттен 107,7 млн теңге бөлінген болатын. Орташа есептегенде бір емделушіні қабылдауға күніне 4 610 теңге кетеді.
- Оңалту курсы дерттің күрделілігіне байланысты жарты айдан жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Тек медициналық көмек қана көрсетілмейді. Біз адамдарға әлеуметтік ортаға бейімделуге көмектесеміз, өз өзіне деген сенімін арттырамыз. Бұл бағытта психологтар жұмыс жасайды, - деді Нұрлан Тұрсынбеков.
Ол бір көрнекі мысал келтірді. Орталыққа ауыр дертке шалдыққанан қолымен ештеңе жасай алмайтын әжей келіп түскен. Бір ай оңалтудан өткен соң ол өз бетінше нан илеп, жая алатындай болды. Үйіне көтеріңкі көңіл-күймен, орталық қызметкерлеріне алғысын айтып қайтты.
Науқастарға сонымен қатар мәдени бағдарламалар да ұйымдастырылады – Қарқаралының мұражайына, көрнекті жерленіне экскурсиялар, табиғатқа серуендер жасалады.
Естеріңізге сала кетейік, Қарқаралыдағы 64 адамға шақталған оңалту орталығы 2017-ші жылдың 24-ші мамырында ашылған. Ол бұрыңғы аудандық аурухананың орнында орналасқан болатын – бос тұрған ғимарат күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстарына 700 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл республикалық бюджет қаражаты және «ENRC Комек» ЖШС-нің демеушілік көмегі.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің облыстық Департаментінің ақпаратына сүйенсек, аймақта 251 бірінші және екінші топ мүгедектері үшін жеке-дара оңалту бағдарламасы жасалған.
Оңалту орталығында көмек алып жатқан 58 адамның 17-і Теміртау қаласынан, 13 – Бұқар-Жырау ауданынан, 10 – Осакаров, 9 – Қарқаралы, 4 – Абай аудандарынан, үшеуі Қарағандыдан және екеуі Сараннан келген.
 

Вернуться к списку новостей

Қарағандыда болашақ құтқарушыны ерлігі үшін марапаттады 20 Қазан 23:26
Ертең облыстық онкодиспансерде ашық есік күні өтеді 20 Қазан 19:11
Қарағанды облысында 23-ші қазанда электр сиреналар дабыл қағатын болады 20 Қазан 18:04
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»